Функционалды бағыттағы жартылай ет өнімдерінің жаңа технологиясы
| dc.contributor.author | Гумарова, А. К. | |
| dc.date.accessioned | 2024-04-25T07:35:28Z | |
| dc.date.available | 2024-04-25T07:35:28Z | |
| dc.date.issued | 2020 | |
| dc.description.abstract | Мақалада өсімдік қоспасы бар функционалды бағыттағы жартылай ет өнімдерінің жаңа технологиясын жасаудың зерттеу нәтижелері қарастырылады. Тәжірибе үлгілерінің келесі композициялары: бақылау – қоспасыз, 5% және 10% бұршақ ұны қосылған таңдалды. Басқа шикізаттар мен дәмдеуіштер бірдей мөлшерде қосылды. Жаңа өнімнің органолептикалық, физика- химиялық көрсеткіштері және қауіпсіздігі анықталды. Баллдық бағалау бойынша механикалық - құрылымдық қасиеті үшін зерттелетін үлгілердің барлық түрлері 10 баллдан алды. Бақылау үлгілері иісі үшін 7,5 балл; сәйкесінше, 5% бұршақ ұны қосылған котлеттер - 9,5 балла және 10% бұршақ ұны қосылған - 9,8 баллмен бағаланды. Тұсі бойынша бақылау котлеттер 8 баллмен бағаланды; сәйкесінше, 5% бұршақ ұны қосылған котлеттер 9 баллмен және 10% бұршақ ұны қосылған 9,3 баллмен бағаланды. Дәмі үшін бақылау котлеттер 7 балл, 5% бұршақ ұны қосылған котлеттер - 8,5 балл және сәйкесінше 10% бұршақ ұны қосылған котлеттер 9 балл алды. Зерттеулер бойынша 5% және 10 % бұршақ ұны қосылған котлеттер жақсы физика – химиялық көрсеткіштерге ие болды: бақылау ұлгісінің жалпы ылғалдылық массасы 66% , 5% қоспасы бар - 71%, 10% қоспасы бар - 73% құрайды. Функционалды бағыттағы өсімдік қоспасы бар жаңа жартылай ет өнімдерінің өндірісіне 5% және 10 % бұршақ ұнын еңгізу өнімді дәрумендер, микроэлементтер, тағам талшықтар мен байытып, ассортиментін кеңейтеді; органолептикалық, физика- химиялық көрсеткіштерін, функционалды-технологиялық қасиеттерін жақсартады; нормативтік құжаттар көрсеткіштеріне сәйкес келеді және қауіпсіз. Жаңа өнім емдік – профилактикалық, диеталық қасиетке ие және оны өндіріске ұсынуға болады. | ru |
| dc.identifier.issn | 2325-9397 | |
| dc.identifier.uri | http://hdl.handle.net/123456789/3024 | |
| dc.language.iso | other | ru |
| dc.publisher | Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2020. - № 1-2 (58) | ru |
| dc.subject | ғылыми журнал | ru |
| dc.subject | мерзімдік басылым | ru |
| dc.subject | отандық басылым | ru |
| dc.subject | ет өнімдері | ru |
| dc.subject | функционалды өнім | ru |
| dc.title | Функционалды бағыттағы жартылай ет өнімдерінің жаңа технологиясы | ru |
| dc.type | Article | ru |
