ОРДАБАСЫ ҚОЙ ТҰҚЫМЫ ШӘУІЛДІР ЗАУЫТТЫҚ ТИПІ ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ӨЛШЕМДЕРІ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ДИМОРФИЗМІ [Текст]

dc.contributor.authorМұстияр, Т.Ә.
dc.contributor.authorОрдабеков, А.
dc.contributor.authorПаржанов, Ж.
dc.date.accessioned2020-01-13T06:12:42Z
dc.date.available2020-01-13T06:12:42Z
dc.date.issued2019
dc.description.abstractМақалада Ордабасы қой тұқымы шәуілдір зауыттық типі қозыларының дене өлшемдері және жыныстық диморфизмі көрсеткіштері келтірілген. Еркек жынысты қозылар дамудың барлық кезеңдерінде дене өлшемдері бойынша басымдылық көрсетті. Еркек қозылардың туған кезіндегі денесінің қиғаш ұзындығы 35,4 см болса, бұл көрсеткіш 30 күндігінде 16,8 см үлкейді, ал 60 күндігінде 26,8 см артты, 90 күндігінде 27,8 см, 120 күндігінде 30,2 см артты. Ұрғашы қозылардың туған кезіндегі денесінің қиғаш ұзындығы 32,9 см құраса, бұл көрсеткіш 30 күндігінде 16,6 см үлкейді, ал 60 күндігінде 28,4 см артты, 90 күндігінде 29,8 см, 120 күндігінде 31,6 см артты. Қозылардың дене өлшемдері бойынша жыныстық диморфизмінің жоғары көрсеткіші: дененің қиғаш өлшемі - 0,6-2,5 см, кеуде орамы - 0,9-3,2 см, иық биіктігі -0,9-1,7 см, құйымшақ биіктігі - 0,6-1,9 см байқалды. Қойдың биологиялық белгілері бойынша жыныстық диморфизмнің көрсеткіштерінің қалыптасуы табиғи және қолдан іріктеу механизмдерінің ықпалынан іске асады. Осыған байланысты, әр жыныстағы малдарға қойлатын іріктеу талаптар теңестірілмейінше, жыныстық белгілер параметріндегі диморфизм сақталып қала береді. Егерде ұрғашы малдар белгілеріне қойылатын іріктеу параметрлерінің деңгейін жоғарылатса, келешекте жыныстық диморфизм айырмашылықтары біртіндеп жақындайды. Жыныстық диморфизм тек қана көбею амалы емес, эволюциялық процестің көптеген механизмдерінің бірі болып саналады. Қозылардың дене өлшемдері бойынша жыныстық диморфизмінің жоғары көрсеткіші: дененің қиғаш өлшемі - 0,6 - 2,5 см, кеуде орамы - 0,9-3,2 см, иық биіктігі - 0,9-1,7 см, құйымшақ биіктігі - 0,6- 1,9 см байқалды.ru
dc.identifier.issn2305-9397
dc.identifier.urihttp://hdl.handle.net/123456789/1072
dc.language.isootherru
dc.publisherҒылым және білім №3ru
dc.subjectқрru
dc.subjectғылыми журналru
dc.subjectмерзімдік басылымru
dc.subjectотандық басылымru
dc.subjectордабасы қой тұқымыru
dc.subjectшәуілдір зауыттық типіru
dc.subjectқой шаруашылығыru
dc.titleОРДАБАСЫ ҚОЙ ТҰҚЫМЫ ШӘУІЛДІР ЗАУЫТТЫҚ ТИПІ ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ӨЛШЕМДЕРІ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ДИМОРФИЗМІ [Текст]ru
dc.typeArticleru

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
22.pdf
Size:
263.25 KB
Format:
Adobe acrobat reader

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description:

Collections