Субклиникалық маститтің алдын алуға бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралардың тиімділігі
| dc.contributor.author | Танбаева, Г. А. | |
| dc.contributor.author | Тагаев, О. О. | |
| dc.contributor.author | Барахов, Б. Б. | |
| dc.date.accessioned | 2024-10-22T05:52:31Z | |
| dc.date.available | 2024-10-22T05:52:31Z | |
| dc.date.issued | 2024 | |
| dc.description.abstract | Бұл ғылыми мақалада, сауын сиырлардың арасында кеңінен таралған субклиникалық маститтің алдын алуға бағытталған ветеринариялық санитариялық шараларды жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған сандық мәліметтер келтірілді. Субклиникалық мастит - бұл желіннің қабынуымен сипатталатын және айқын көріністерсіз өтетін бактериялық ауру. Сонымен қатар, сиырлар біртіндеп сүт өнімділігін жоғалтады, ал сүттің сапасы айтарлықтай төмендейді. Сондай-ақ, оның құрамында патогендік микрофлора бар. Сиырларда субклиникалық маститтің дамуы негізінен сауу немесе суалуға жіберу техникасының дұрыс болмауы және алдын алу шараларының орындалмауымен байланысты. Субклиникалық маститтің таралуына әсер етуші факторлардың бірі – сауын сиырлардың желіні мен үрпілерінің тазалық деңгейінің категорияларына да байланысты. Тазалық деңгейін зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ШҚ «Айдарбаев Е.С.», АҚ «АПК «Адал» және ЖШС «Амиран Агро» шаруашылықтарында 2 және 3-ші категориялы ластану дәрежесі анықталды. Бұл өз кезегінде субклиникалық маститтің таралу қауіптілігінің жоғары екенін көрсетеді. Зерттеуге алынған шаруашылықтарда маститті диагностикалау жұмыстарының нәтижесінде, сауын сиырлардың жалпы (субклиникалық және клиникалық) маститке шалдығу мөлшері: «Амиран Агро» шаруашылығында – 17,6%, «АПК «Адал» шаруашылығында– 28,2 %, «Айдарбаев Е.С.» шаруа қожалығында – 32,8 %-ды көрсетті. Субклиникалық маститтің алдын алу үшін «Промиксан» препаратымен сауын сиырлардың желіні мен үрпілерін сауыннан кейін 1 ай бойы санитариялық өңдеу жұмыстарының нәтижесінде, «Амиран Агро» шаруашылығында – 96,7 %, «АПК «Адал» шаруашылығында – 93,8 %, «Айдарбаев Е.С.» шаруа қожалығында – 91,2 % терапевтік әсерін көрсетіп, сауын сиырлардың субклиникалық маститтен айығуына көмегін тигізді. | ru |
| dc.identifier.issn | 2305-9397 | |
| dc.identifier.uri | http://hdl.handle.net/123456789/3402 | |
| dc.language.iso | other | ru |
| dc.publisher | Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 3-1 (76). Б. І. - Б. 85-95 | ru |
| dc.subject | бқо | ru |
| dc.subject | ҚР | ru |
| dc.subject | ғылыми журнал | ru |
| dc.subject | журнал кокснво | ru |
| dc.subject | субклиникалық мастит | ru |
| dc.subject | дезинфекциялық препарат | ru |
| dc.subject | сомотикалық торша | ru |
| dc.subject | БҚАТУ | ru |
| dc.title | Субклиникалық маститтің алдын алуға бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралардың тиімділігі | ru |
| dc.type | Article | ru |
