Мүйізді ірі қараның инвазиялық жаппай көз аурулар кезіндегі қан құрамындағы морфологиялық өзгерістер

dc.contributor.authorКүнділда, Р. Ғ.
dc.contributor.authorДнекешев, А. К.
dc.date.accessioned2020-10-19T05:46:32Z
dc.date.available2020-10-19T05:46:32Z
dc.date.issued2019
dc.description.abstractМақалада мүйізді ірі қара малдын телязиоз ірінді қабыну түрінде өтетін көз ауру кезіндегі қанның кейбір морфологиялық көрсеткіштері мен лейкограммасына тигізетін әсері сипатталған. Бұл ауру мал шаруашылығына ауқымды үнемдік зиян келтіреді, ол мал өнімінің саны мен сапасының төменділігімен және сауықтыру мен сақтандыру шараларын жүргізуге жұмсалатын қаржылық шығындарымен анықталады. Қан құрамындағы гемоглобин мөлшерін гемоглобин цианидті әдіспен, эритроциттер мен лейкоциттер санын Горяев камерасында санадық, лейкограммасын Романовский-Гимза бойынша боялған қан жағындысынан 100 дана лейкоцитті бөліп алу арқылы шығардық. Гемоглобиннің қан құрамындағы мөлшерінің зерттеудің түрлі мезгілінде әртүрлі көрсеткіш беруі отаның күйзелткіш әсерінің, соған қоса көз қабынудың үрдісінің дамуының жануар ағзасына тигізетін әсеріне тікелей байланысты. Мүйізді ірі қара малдын қан ұраындағы эритроциттер мөлшерінің де өзгергені байқалады. Бес тәуліктен соң бұл көрсеткішті бастапқы мәліметпен салыстыратын болсақ, ол 16,38% жоғары көтерілді. Содан кейінгі күндері қан құрамындағы эритроциттердің мөлшері біртіндеп жоғарылап, 10-ші тәулікте 4,45% көтерілді, ал 15 тәуліктегі алдыңғы өлшеу көрсеткіштен 4,26% жоғары көтерілді. 20 тәуліктегі алдыңғы көрсеткіштен 6,94% жоғары болды. Зерттеудің кейінгі күндерінде тәжірибелік мүйізді ірі қара малдың қан құрамында анық білінетін лейкоцитоз (нейтрофилия) байқалады. 10-ші тәулікте лейкоциттердің қан құрамындағы мөлшері бастапқы өлшеумен салыстырғанда 25,22%, жоғары, ал 15 тәуліктегі өлшеммен салыстырғанда 6,13% жоғары болады. 20 тәулікте лейкоциттердің бастапқы өлшеумен салыстырғанда 25,31% артық болды. Іріңді қабыну үрдістері кезіндегі жануарлар ағзасының лейкоцитарлық жүйесі ағзадағы кез келген өзгерістерге тез жауап беріп отырады, бұл реакциялар гемопоэз мүшелерінің қызметінің кенеттен өзгеруімен байланысты болып келеді. Көздін іріңді қабыну әсерін зерттеу арқылы лейкограмма компоненттерінің келесідей өзгерістері анықталды: эозинофилдер алғашқы тәулікте 48,4% артты, таяқша ядролы нейтрофилдер 76,7%, сегментті ядролы нейтрофилдер 42,4% , жас нейтрофилдер 41,7%, моноциттер 61,3% және лимфоциттер 49,2% азайды.ru
dc.identifier.issn2305-9397
dc.identifier.urihttp://hdl.handle.net/123456789/1451
dc.language.isootherru
dc.publisherҒылым және білім №4ru
dc.subjectотандық басылымru
dc.subjectғылыми журналru
dc.subjectмерзімдік басылымru
dc.subjectжурнал кксонru
dc.subjectтелязиозru
dc.subjectлейкомияru
dc.subjectқан ауруыru
dc.subjectмүйізі ірі қара малru
dc.titleМүйізді ірі қараның инвазиялық жаппай көз аурулар кезіндегі қан құрамындағы морфологиялық өзгерістерru
dc.typeArticleru

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
149-154.pdf
Size:
845.82 KB
Format:
Adobe acrobat reader

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description:

Collections