ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ТҰНБАЛАРДЫҢ ДИСПЕПСИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН БҰЗАУЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ
| dc.contributor.author | Әбирбекқызы, Ж. | |
| dc.contributor.author | Заманбеков, Н. А. | |
| dc.contributor.author | Туржигитова, Ш. Б. | |
| dc.contributor.author | Кобдикова, Н. К. | |
| dc.date.accessioned | 2025-07-30T10:13:06Z | |
| dc.date.available | 2025-07-30T10:13:06Z | |
| dc.date.issued | 2024-09-05 | |
| dc.description | Әбирбекқызы, Ж. Дәрілік өсімдіктерден дайындалған тұнбалардың диспепсияға шалдыққан бұзаулардың морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштеріне әсері / Ж. Әбирбекқызы, Н. А. Заманбеков, Ш. Б. Туржигитова, Н. К. Кобдикова [и др.]. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-1 (75). Б. І. - Б. 140-150. | ru |
| dc.description.abstract | Жаңа туылған бұзаулардың ас қорыту жүйесінің аурулары арасында ең көп таралғаны диспепсия ауруы болып табылады. Олар мал шаруашылықтарында кең таралған және жаңа туылған бұзаулардың өліміне, олардың дамуының кешеуілдеуіне, дене салмағының өсуінің баяулауына және емдеу-алдын алу шараларына байланысты үлкен экономикалық шығын келтіреді. Сондықтан антибиотиктерге балама препараттарды қолдана отырып, жас бұзаулардың асқазан-ішек ауруларының алдын алу мен емдеудің жаңа схемаларын әзірлеу және жетілдіру ветеринария ғылымы мен практикасы үшін өте маңызды болып табылады. Осы тұрғыдан уыттылығы төмен, биожетімділігі жоғары, кең спектрлі әсер ететін және емдік әсердің поливаленттілігі жоғары болатын фитопрепараттарды пайдалану қазіргі таңда перспективалы бағыттың бірі болып есептеледі. Мақалада емдік қасиеті жоғары болатын өсімдіктер алынып, олардан зертхана жағдайында белгілі арақатынаста дәрілік тұнбалар дайындалды. Сынақ тобындағы бұзаулар 4 топқа бөлініп, өсімдіктерден дайындалған тұнбалар қанның морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштеріне жеке-дара және кешенді түрде зерттелінді. Алынған зерттеу деректері дәрілік өсімдіктер тұнбаларының қанның морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштерге айтарлықтай қуаттандырып әсер ететіндігі анықталды. Қолданылған тұнбалардың әсерінен диспепсиямен ауырған бұзаулар қанының морфологиялық көрсеткіштерінің динамикасында оң өзгерістер туындайтындығы белгілі болды. Неғұрлым жоғары көрсеткіштер тұнбаларды кешенді түрде қолданылған тәжірибе тобында тіркелді. Зерттеу жүргізудің 5, 10, 15-тәуліктерінде фондық көрсеткішпен салыстырғанда эритроциттердің концентрациясы орташа есеппен 15-21%, лейкоциттер - 8-16%, гемоглобин - 17-25%, кальций - 7-16%, бейорганикалық фосфор - 5-9%-ға дейін жоғарылағандығы анықталды. Көрсеткіштер салыстырмалы бақылау тобынан да айтарлықтай жоғары болатындығы дәлелденді | ru |
| dc.identifier.issn | 2305-9397 | |
| dc.identifier.uri | http://hdl.handle.net/123456789/3854 | |
| dc.language.iso | other | ru |
| dc.publisher | Жәңгір хан атындағы БҚАТУ | ru |
| dc.subject | диспепсия | ru |
| dc.subject | дәрілік өсімдік | ru |
| dc.subject | фитопрепарат | ru |
| dc.subject | тұнба | ru |
| dc.subject | бұзау | ru |
| dc.subject | морфологиялық көрсеткіш | ru |
| dc.subject | биохимиялық көрсеткіш | ru |
| dc.subject | бқату | ru |
| dc.subject | ғылыми журнал | ru |
| dc.title | ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ТҰНБАЛАРДЫҢ ДИСПЕПСИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН БҰЗАУЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ | ru |
| dc.title.alternative | THE EFFECT OF INFUSIONS MADE FROM MEDICINAL PLANTS ON THE MORPHOLOGICAL AND BIOCHEMICAL PARAMETERS OF CALVES WITH DYSPEPSIA | ru |
| dc.type | Article | ru |
