МАЛ ЖАЮ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ЖАЙЫЛЫМ ТОПЫРАҒЫНА ӘСЕРІ

dc.contributor.authorБеккалиев, А. К.
dc.contributor.authorЖанаталапов, Н. Ж.
dc.contributor.authorБеккалиева, А. К.
dc.contributor.authorНасиев, Б. Н.
dc.contributor.authorХиясов, М. Г.
dc.contributor.authorӨкшебаев, А. Е.
dc.contributor.authorСалықова, А. С.
dc.contributor.authorЛатенова, А. М.
dc.date.accessioned2025-06-18T06:46:37Z
dc.date.available2025-06-18T06:46:37Z
dc.date.issued2024-01-10
dc.descriptionМал жаю технологияларының жайылым топырағына әсері / А. К. Беккалиев, Н. Ж. Жанаталапов, А. К. Беккалиева, Б. Н. Насиев, М. Г. Хиясов, А. Е. Өкшебаев, А. С. Салықова, А. М. Латенова. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 4-2 (77). Б. ІІ. - Б. 97-107 (Орал).ru
dc.description.abstractҚазақстан Республикасының мал шаруашылығын дамытуға арналған тиісті алғышарттары мол. Бұл-табиғи мал азығы алқаптарының және пайдаланылмай жатқан пішендіктердің болуы, мал шаруашылығының аз шығынды жайылымдық технологиясы. Сонымен қатар мал шаруашылығы ата-бабамыздың ежелден келе жатқан кәсібі. Осының бәрі жиылып Қазақстанның әлемдік нарықта маңызды орны бар және бәсекеге қабілетті елге айналуына мүмкіндік қоса түседі. Сондықтан табиғи жайылымдардың өнімділігін арттыру басымдыққа ие міндет екені анық. XX ғасырда Еуразияның қуаңшылықты экожүйелері қарқынды антропогендік ықпалға ұрынды. Осыған байланысты олардың өнімділігі төмендеп, шөп оты құрамынан мал азықтық құнды өсімдіктер жойылып, әлсіз экожүйелер бүлініп жатыр. Үздіксіз қозғалыстағы құм көшкіндері жайылымдарды басып қалуда, бұл шөлейттену үрдістерін одан бетер жеделдетуде. Топырақ көрсеткіштерін қорғап, күйзелуіне жол бермеу және өсімдіктер өнімділігін арттыру үшін, сонымен қатар жайылымдарды ұтымды пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығы малдарын бағудың қалыпты мал жаю технологиясын пайдалану, яғни жайылыс кезінде малға жайылым өсімдіктерінің жалпы жылдық өнімділігінің 65-75% жегізуді қадағалау ұсынылады. Қалыпты мал жаю технологиясы қарқынды мал жаю технологиясымен салыстырғанда қара-қоңыр типті топырақтардың тығыздалуын 1,60-3,17%-ға, топырақ құрамындағы агрономиялық құнды агрегаттардың азаюын 3,26-11,85%-ға төмендетіп, топырақтағы гумус қорының азаюын 5,52-11,73 т/га аралығында тоқтатты, топырақ құрамындағы жылжымалы фосфор мен нитратты азот және алмаспалы натрий мөлшері қалыпты деңгейде болды. Бұл технологияны пайдалану топырақ күйзелісіне жол бермейді. Қалыпты мал жаю технологиясын пайдалану БҚО жайылымдарының өсімдіктер жамылғысының көрсеткіштерін жақсартады, 3 аймақ бойынша өнімділік құрғақ зат есебімен 5,39-12,64 ц/га аралығында болды.ru
dc.identifier.issn2305-9397
dc.identifier.urihttp://hdl.handle.net/123456789/3688
dc.language.isootherru
dc.publisherЖәңгір хан атындағы БҚАТУru
dc.subjectжайылымдарru
dc.subjectтопырақ жамылғысыru
dc.subjectжайылымдардың өнімділігіru
dc.subjectтозған жайылымдарru
dc.subjectтопырақ сапасыru
dc.subjectбқатуru
dc.subjectғылыми журналru
dc.titleМАЛ ЖАЮ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ЖАЙЫЛЫМ ТОПЫРАҒЫНА ӘСЕРІru
dc.title.alternativeTHE INFLUENCE OF GRAZING TECHNOLOGY ON THE SOIL PARAMETERS OF PASTURESru
dc.typeArticleru

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
5433.pdf
Size:
826.18 KB
Format:
Adobe acrobat reader

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description:

Collections