Жасанды орта жағдайында өсірілетін бекіретұқымдастарының морфофизиологиялық көрсеткіштері

dc.contributor.authorГабдуллина, А. Т.
dc.contributor.authorГинаятов, Н. С.
dc.contributor.authorШукуров, М. Ж.
dc.contributor.authorСариев, Б. Т.
dc.contributor.authorАльбеков, А. А.
dc.date.accessioned2023-02-06T04:59:35Z
dc.date.available2023-02-06T04:59:35Z
dc.date.issued2022
dc.description.abstractЗерттеудің мақсаты Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Аквакультура және ихтиология» зертхана базасында орналасқан жасанды жағдайдағы тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғыларында (ТЖСҚЕҚ) орыс бекіресінің (Acipenser gueldenstaedtii), сібір бекіресінің (Acipenser baerii) және пілмайдың (Acipenser nudiventris Lovetsky) жұмысшы-аналық табындарын (ЖАТ) қолдан көбейту үшін балықтардан балық шаруашылық көрсеткіштері мен қан құрамына зерттеулер жүргізу болып табылады. ТЖСҚЕҚ-ларындағы су сапасына баға берілді: гидрохимиялық, температуралық және оттегі режимдері. Су температурасы 20– 23 0С, суда еріген оттегі 7,0 – 8,5 мг/л. Дене ұзындығы бойынша орыс бекіресі пілмайдан 2,4 см-ге және сібір бекіресінен 2,5 см-ге ұзын. Салмағы бойынша орыс бекіресі 0,150-0,300 кг аралығында басқа түрлерден басымдық көрсетті. Бірақ қоңдылық коэффициенті бойынша сібір бекіресі пілмайдан да орыс бекіресінен де 4,4 %-ға жоғары болды. Сібір бекіресінің гемоглобин концентрациясы салыстырмалы түрде орыс бекіресінен 3,4%-ға, пілмайдан 20 %-ға жоғары. Сарысудағы ақуыз көрсеткіші орыс бекіресінен пілмайда 1,3 %-ға, сібір бекіресінде 6,1 %-ға төмен. Ал глюкоза көрсеткіші орыс бекіресінде және пілмайда бірдей. Сібір бекіресінде бұл көрсеткіш 11 %-ға жоғары. Холестерин көрсеткіші пілмай мен орыс бекіресінде салыстырмалы түрде шамалас, ал сібір бекіресінде 12,5-13 %-ға екеуінен де жоғары жоғары. Липид барлық балық түрлерінде де салыстырмалы жағдайда теңестіріліп сақталған. Осыған дейінгі зерттеулер көрсеткендей, бекіретұқымдастарының көпшілік түрлері қолдан өсіріп-көбейтуге тез бейімделгіш және сапалы, тірі қалу көрсеткіші жоғары ұрпақ беретін аналықтары мен аталықтарының үйірлерін қалыптастыруға болады.ru
dc.identifier.issn2305-9397
dc.identifier.urihttp://hdl.handle.net/123456789/2470
dc.language.isootherru
dc.publisherҒылым және білім=Наука и образование=Science and education - № 4-3 (69)ru
dc.subjectғылыми журналru
dc.subjectотандық басылымru
dc.subjectмерзімдік басылымru
dc.subjectжурнал коксонru
dc.subjectринцru
dc.subjectбалық шаруашылығыru
dc.subjectбекіре балықтарыru
dc.subjectпілмайru
dc.subjectорыс бекіресіru
dc.subjectсібір бекіресіru
dc.titleЖасанды орта жағдайында өсірілетін бекіретұқымдастарының морфофизиологиялық көрсеткіштеріru
dc.typeArticleru

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
НиО№4-3 2022_129-137.pdf
Size:
1.1 MB
Format:
Adobe acrobat reader

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description:

Collections