Батыс Қазақстан жағдайында күздік бидай сорттарының кешенді көрсеткіштерін салыстырмалы зерттеу

dc.contributor.authorМахсотов, Г. Г.
dc.date.accessioned2021-09-06T06:03:44Z
dc.date.available2021-09-06T06:03:44Z
dc.date.issued2021
dc.description.abstractХалықтың азық-түлікке деген қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өнімділігі жоғары, тағамдық құндылығы жақсы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кез-келген аграрлық елдің алға қойған басты міндеттерінің бірі. Тағамдық құндылығы және өсірілетін алқап көлемі бойынша күздік бидай әлемде жетекші орында. Бүгінде бұл дақыл жер шарының барлық құрлығында 600 млн гектардан астам жерде өсіріледі. Қазақстан Республикасы дүние жүзінде бидайды экспортқа шығарушы елдердің арасында 6 орынды иеленеді. Батыс Қазақстан облысында дәнді дақылдар, соның ішінде күздік дақылдар егуді Кенестер Одағы кезінен қолға алып, өсірумен шұғылданып келеді. Күздіктер жаздық дәнді дақылдарға қарағанда өнімділігі 5-6 ц/га артық, кейбір жылдары екі есеге дейін артып түседі, яғни күздік дақылдар өсіру экономикалық жағынан тиімді болып табылады. Бидай өнімін және оның сапасын арттырудың ең тиімді және де бидай өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі фактор – сорт. Демек, кез-келген дақыл сорттарының өз потенциалдық мүмкіндіктерін толығымен көрсетуі үшін өсірілетін аймақтың табиғи-климаттық жағдайлары сәйкес болуы қажет. Сондықтанда дақыл сорттарын белгілі бір аймақта өсіру үшін міндетті түрде сол аймақтың барлық жағдайларының әсері алдын-ала зерттеледі, егер ол сорт потенциалдық мүмкіндігін барынша көрсете алатын болса ғана сол жерге аудандастырылады. Алайда облысымызда өсірілетін күздік бидай сорттары Ресей және басқа елдердің селекциялық жетістіктері, өз облысымызда шығарылған сорт жоқ. Бұл өз кезегінде облыс шаруашылықтарын тұқыммен қамтылуы жағынан басқа көршілес елдердің тұқым шаруашылықтарына тәуелді етеді.ru
dc.identifier.issn2305-9397
dc.identifier.urihttp://hdl.handle.net/123456789/1827
dc.language.isootherru
dc.publisherҒылым және білім. - 2021.ru
dc.subjectғылыми журналru
dc.subjectотандық басылымru
dc.subjectмерзімдік басылымru
dc.subjectкүздік бидайru
dc.subjectбқоru
dc.subjectдән салмағыru
dc.subjectмасақтығыru
dc.titleБатыс Қазақстан жағдайында күздік бидай сорттарының кешенді көрсеткіштерін салыстырмалы зерттеуru
dc.typeArticleru

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
27-32.pdf
Size:
717.64 KB
Format:
Adobe acrobat reader

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description:

Collections