ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАЗАРЛАРЫНДА САТЫЛАТЫН ҚОЙ СҮТІН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ

dc.contributor.authorТлеулесов, Р. Б.
dc.contributor.authorАсауова, Ж. С.
dc.contributor.authorБакишев, Т. Г.
dc.contributor.authorТурсункулов, С. А.
dc.date.accessioned2025-05-30T04:36:05Z
dc.date.available2025-05-30T04:36:05Z
dc.date.issued2024-01-10
dc.descriptionҚарағанды қаласының орталық базарларында сатылатын қой сүтін ветеринариялық-санитариялық сараптау / Р. Б. Тлеулесов, Ж. С. Асауова, Т. Г. Бакишев, С. А. Турсункулов. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 1-1 (74). Б. І. - Б. 151-162ru
dc.description.abstractМақалада көрсетілгендей қой сүтінің адам ағзасына пайдалы қасиеттері туралы ерте заманнан бері белгілі болған. Қой сүтінің құрамындағы құнды қоректік заттардың және биологиялық белсенді заттардың жоғары болуы бұл сүттің және одан алынатын өнімдердің тағамдық құндылығына оң әсер етеді. Осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулер сүттің биохимиялық көрсеткіштеріне аналық қойларда қозы алу күні (маусымы), демек лактацияның басталу кезеңі әсер ететінін көрсетеді. Қой көп өнімді мал, яғни бұл саланы тек бір бағытта ғана дамытпай, ет өнімділігін арттырумен қатар, елімізде қой сүті өнімділігін зерттеу жаңа бағыт ретінде қойылуы қажет. Әлемде қой шаруашылығы дамыған мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде саланы бәсекеге қабілетті ету мақсатында қойдың етті бағытында ғана әлеуетін жоғарлатпай, сонымен қатар қойлардың сүт өнімділігін арттыру бойында ғылыми-ізденіс жұмыстары жасалуда. Бүгінде әлемдік қой шаруашылығы саласынан алынатын өнімнің жалпы құнынан қой сүтінің үлесі 30-35% құрап отыр. Қой сүтінен қатты және жұмсақ ірімшіктердің (кавказдық, пекарино, рокфор, брынза және т.б.) құнды сорттары және әртүрлі сүт қышқылды өнімдер (қатық, айран, мацони, сүзбе, йогурт жән т.б.) дайындалады. Сонымен қоса қой сүтін тиімді пайдалану үшін аталған өнімдерді сиырдың майсыздандырылыған сүтімен де қосып сүт өнімдерін дайындауға болады. Осыған сәйкес жоғарыда айтылған қой сүті маңыздылығының негізінде қазақтың құйрықты ұяң жүнді саулықтарының сүт өнімділігін және сапасын зерттеу, химиялық құрамын анықтау бойынша ғылыми-ізденіс жұмысының өзектілігі өте жоғары. Әлемдік қой шаруашылығында соңғы 10-15 жыл ішінде сүт қойының үлесі өсті, өйткені Еуропа, Азия және Африка елдерінің тұрғындарының едәуір бөлігі үшін қой сүті мен одан жасалған өнімдер дәстүрлі тамақтану элементтері болып табылады. Айта кету керек, қой шаруашылығымен айналысатын әлемнің 187 елінің жартысынан көбі сүт қойларын өсіреді. Қой сүтін өндірудің жалпы әлемдік көлемінің 45% Азия, 34% Еуропа және 21,0% Африка елдеріне тиесілі. 2000 жылмен салыстырғанда қой сүтін өндіру көлемінің айтарлықтай өсуі Африка мен Азия елдерінде байқалады – тиісінше 153,8 және 133,8% .ru
dc.identifier.issn2305-9397
dc.identifier.urihttp://hdl.handle.net/123456789/3630
dc.language.isootherru
dc.publisherЖәңгір хан атындағы БҚАТУru
dc.subjectқой сүтіru
dc.subjectсүтті зертханалық зерттеулерru
dc.subjectсүттің құрамыru
dc.subjectұсақ қара малru
dc.subjectқазақтың ұлттық тағамдарыru
dc.subjectбқатуru
dc.subjectғылыми журналru
dc.titleҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАЗАРЛАРЫНДА САТЫЛАТЫН ҚОЙ СҮТІН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУru
dc.title.alternativeVETERINARY AND SANITARY EXAMINATION OF SHEEP'S MILK SOLD IN THE CENTRAL MARKETS OF KARAGANDAru
dc.typeArticleru

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
5386.pdf
Size:
741.13 KB
Format:
Adobe acrobat reader

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description:

Collections