Қазақтың арқармериносы қойының негізгі өнімділік белгілерінің өзгергіштігі

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2019. - № 2 (55). - Б. 48-55.

Abstract

Мұнда берілген ғылыми-зерттеу нәтижелері қазіргі кездегі қолда бар қазақтың арқармериносы тұқымды қойларын нормалап азықтандыру арқылы олардың ет және жүн өнімділігі белгілерінің өзгергіштігінің әлеуетін бағалау және сол арқылы тұқымның жақсы генотиптерін анықтау әдістерін жетілдіру жұмыстарына арналған. Мақалада Алматы облысы Райымбек ауданы «Құмтекей» асылтұқымды шаруашылығында тәжірибелік топтағы қазақтың арқармериносы қойларын нормалап азықтандырғанда олардың тірілей салмағы мен жүн өнімділігі бақылау тобындағы басқа, есепсіз, бірақ еркінше азықтандырылған қойлардың тірілей салмағы мен жүн өнімділігінен едәуір артық болатыны дәлелденеді. Мысалы, малдың ет өнімділігінің негізгі белгісі – тірілей салмағы бойынша, бақылау тобындағы қошқарлардың көрсеткіші (83,2 кг) тұқым стандартынан 4% жоғары, саулықтар және тұсақтардың мұндай көрсеткіштері тұқым стандартынан, тиісінше, 12% және 0,8% жоғары болғанның өзінде, тәжірибелік топтағы қошқарлардың тірілей салмағы бақылау тобындағы қошқарлардың тірілей салмағынан 7 кг немесе 8,4% жоғары (td= 1,93; P0,95), саулықтар және тұсақтардың мұндай көрсеткіштері бақылау тобындағы қатарластарының тірілей салмағынан, тиісінше, 8 кг немесе 14,3% (td0,99) және 4,6 кг немесе 11,4% (td= 2,56; P0,95) жоғары болған.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By