ОРДАБАСЫ ҚОЙ ТҰҚЫМЫ ШӘУІЛДІР ЗАУЫТТЫҚ ТИПІ ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ӨЛШЕМДЕРІ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ДИМОРФИЗМІ [Текст]
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім №3
Abstract
Мақалада Ордабасы қой тұқымы шәуілдір зауыттық типі қозыларының дене өлшемдері және жыныстық диморфизмі көрсеткіштері келтірілген. Еркек жынысты қозылар дамудың барлық кезеңдерінде дене өлшемдері бойынша басымдылық көрсетті. Еркек қозылардың туған кезіндегі денесінің қиғаш ұзындығы 35,4 см болса, бұл көрсеткіш 30 күндігінде 16,8 см үлкейді, ал 60 күндігінде 26,8 см артты, 90 күндігінде 27,8 см, 120 күндігінде 30,2 см артты. Ұрғашы қозылардың туған кезіндегі денесінің қиғаш ұзындығы 32,9 см құраса, бұл көрсеткіш 30 күндігінде 16,6 см үлкейді, ал 60 күндігінде 28,4 см артты, 90 күндігінде 29,8 см, 120 күндігінде 31,6 см артты. Қозылардың дене өлшемдері бойынша жыныстық диморфизмінің жоғары көрсеткіші: дененің қиғаш өлшемі - 0,6-2,5 см, кеуде орамы - 0,9-3,2 см, иық биіктігі -0,9-1,7 см, құйымшақ биіктігі - 0,6-1,9 см байқалды. Қойдың биологиялық белгілері бойынша жыныстық диморфизмнің көрсеткіштерінің қалыптасуы табиғи және қолдан іріктеу механизмдерінің ықпалынан іске асады. Осыған байланысты, әр жыныстағы малдарға қойлатын іріктеу талаптар теңестірілмейінше, жыныстық белгілер параметріндегі диморфизм сақталып қала береді. Егерде ұрғашы малдар белгілеріне қойылатын іріктеу параметрлерінің деңгейін жоғарылатса, келешекте жыныстық диморфизм айырмашылықтары біртіндеп жақындайды. Жыныстық диморфизм тек қана көбею амалы емес, эволюциялық процестің көптеген механизмдерінің бірі болып саналады. Қозылардың дене өлшемдері бойынша жыныстық диморфизмінің жоғары көрсеткіші: дененің қиғаш өлшемі - 0,6 - 2,5 см, кеуде орамы - 0,9-3,2 см, иық биіктігі - 0,9-1,7 см, құйымшақ биіктігі - 0,6- 1,9 см байқалды.
