Микробалдырлар суспензиясын пайдаланудың бұзаулардың өсу көрсеткіштері мен қанының морфологиялық және биохимиялық құрамына әсері
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім №1
Abstract
Арал өңірінде мал азықтарының түрлері бай емес, әрі олардың қоректілік құндылықтары төмен дәрежеде. Бұл жағдайлар жергілікті тұрғындарды сапалы ет, сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде қиыншылықтар тудыруда. Себебі, сапасыз азықтар берілген, тиісті талап деңгейінде азықтандырылмаған малдардың, әсіресе, мүйізді ірі қара малының өнімділік көрсеткіштері төмен деңгейде қалуда. Осы қалыптасқан жағдайларда азық қорын молайтудың мүмкіндіктерін іздестіру жұмыстарының маңызы өте үлкен. Соңғы жылдары аймақта өндірілетін жергілікті мал азықтарын қоректілік жағынан байытудың әртүрлі жолдарын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыстардың қатарына түрлі қоспалар көмегімен қолдағы мал азықтарын протеиндік, витаминдік және минералдық тұрғыда байыту бағытындағы зерттеулер де жатады.
