Қазақстанның шағын және орта бизнесіне арналған цифрлық құралдар
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2021. - №2-2
Abstract
Мақала Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті цифрландырудың қазіргі тенденциялары мен мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. 2015-2019 жылдар кезеңіндегі электрондық сауданың жай-күйіне салыстырмалы талдау жүргізілді, Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша интернет сауда көлемінің серпінін сипаттайтын статистикалық деректер келтірілді. Электрондық бөлшек сауда көлемінің 4 есе, қызметтерді сатудың 3 есе және электрондық коммерцияның барлық санаттары бойынша электрондық коммерцияның жалпы көлемінің 2,8 есе өсуі байқалады. Келтірілген деректер негізінде Қазақстанның барлық өңірлерінде шағын және орта бизнестің электрондық саудасын пайдалану перспективалары туралы қорытынды жасалды. Сандық құралдар ретінде авторлар сандық платформалар мен электронды сауда алаңдарың қарастырады. Қазақстандық порталдар арасында дамып келе жатқан ISMET.kz және Smart Satu.kz. электрондық алаңдары анықталды. Сондай-ақ, ҚР шағын және орта бизнесінің цифрлық халықаралық платформалардың мүмкіндіктерін пайдалану мүмкіндіктері қаралды.
