ТҮЙЕЖОҢЫШҚАНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ, ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН БИОКЛИМАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ КОРРЕЛЯЦИЯ БАЙЛАНЫСТАРЫ
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Abstract
Мақалада Солтүстік Қазақстан жағдайлары үшін түйежонышқа дақылының жаңа сортын
шығару мақсатында күрделібуданды популяцияларды поликросс әдісімен жасауда
түйежонышқа биотиптерінің өнімділігі, соның ішінде көк балауса өнімділігі, пішен өнімділігі
арасындағы корреляциялық байланыс, сонымен қатар химиялық құрамының корреляциялық
өзара байланысы, атап айтқанда, шикі протеин, шикі күл, шикі жасұнық, шикі май, АЭЗ,
фосфор, қант және кальций мөлшерлері мен биоклиматтық көрсеткіштері арасындағы
байланыс есепке алынды. Нәтижесінде осы көрсеткіштер мен ГТК мөлшерлері арасында,
сонымен қатар көрсеткіштердің өзара байланыстары орнатылды. Түйежоңышқаның шаруашылық бағалы белгілері мен биоклиматтық көрсеткіштері арасындағы оң тығыз
корреляция байланыстары (r=0,66-1,00) – шикі протеин мен АЭЗ, шикі протеин мен фосфор
мөлшері; оң орташа корреляция байланысы (r=0,33-0,65) – шикі күл мен шикі жасұнық; көк
балауса өнімділігі мен шикі май құрамы; көк балауса өнімділігі мен АЭЗ құрамы; АЭЗ мен
фосфор құрамы; көк балауса өнімділігі мен қант құрамы; шикі протеин мен қант құрамы; АЭЗ
мен қант құрамы; фосфор мен қант құрамы; шикі күл мен кальций құрамы; шикі жасұнық мен
кальций құрамы арасында байқалды.
Description
Бекимова, Г. Б.
Түйежоңышқаның өнімділігі, химиялық құрамы мен биоклиматтық көрсеткіштері арасындағы корреляция байланыстары / Г. Б. Бекимова, М. Н. Сураганов, Г. К. Бекишова, А. И. Габдулина, Е. Е. Болатов. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-2 (75). Б. ІІ. - Б. 3-14.
