Қазақтың Бактериан тұқымды түйе інгендерінің сүттерінің биологиялық қасиеттері мен өнімділік деңгейлерін зерттеу
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
БҚМУ хабаршысы - 2021
Abstract
Зерттеуге алынған інгендерінің биіктігі 174-179 см, тұрқының ұзындығы 147-157 см, кеуде орамы 226-238 см, жіліншігінің орамы 19,5-21 см аралықтарында болды. Інгендердің сүт бездері көлемдері және морфологиялык құрылысы 26 бас інгендер келесі түрлерге бөлінді: тостағанша 5 бас (18,51%), жікті 6 бас (22,22%), домалақ 14 бас (51,85%), және жалпақ 2 бас (7,41%). Інгендердің бірінші лактациясындағы желіндерінің сауылуға дейінгі орамдық өлшемі 54,3 см құраса, үшіншіден және одан жоғарғыларда 57,3 см, тереңдігі 11,5 см, ұзындығы 16,1 болды. Тәжірибедегі інгендердің үрпілерінің жуандығына қарай інгендер мынандай үш топқа бөлінді: жуан үрпілі түп жағының орамы 15-16 см, жуандығы орташа үрпілі 9-10 см және 7-8 см жіңішке үрпілілер.Інгендердің 1-ші лактациясындағы сауын мерзімі 178,6 күнге созылды, 3-ші және одан жоғарғыларда 192,8 күн болды. Інгендерден орташа 6-айлық сүттіліктері 507,3 және 583,3 л,сүттің биохимиялық құрамы: майлылығы - 6,15%, қанттылығы - 5,10% (5,09-5,11%), күлдің көлемі - 0,70 (0,69-0,71%), құрғақ заттары - 14,91 (14,91-14,92%), минеральдық заттардың көлемі -0,87%.
