Иірлікті-қалақшалы араластырғышта араластыру үрдісіне шығындалатын қуатты анықтау

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education № 1-2 (70)

Abstract

Шашпалы жем құрамдарын қалыптастыратын араластырғыштардың құрылымдарын сараптау негізінде кезеңді жұмыс істейтін, төртбұрышты тұрқасы қимылсыз, екі горизонталды орналасқан еріксіз араластыратын үйлесімді жұмыс мүшелерінің кезекпен орналасқан учаскелері бар жәй жүрісті араластырғыш ұсынылады. Араластырғыш шығарушы түтіктері мен қақпақтары бар шанақтан, екі мотор-бәсеңдеткіштерден, әр қайсысы қарама қарсы айналатын екі бөліктен тұратын екі жұмыс мүшесінен, жұмыс мүшелерінің үстінде иірлік орамдары орналасқан, екі араластырып тасымалдайтын күрекшелері мен аударып лақтырушы қалақшаларынан тұрады. Араластырып тасымалдайтын күрекшелердің білік өсіне қарағанда бұрылу мүмкіндігі бар. Жұмыс мүшесінің бірінші және екінші бөліктерінің аударып лақтырушы қалақшаларының, иірлік орамдарының, араластырып тасымалдайтын күрекшелерінің радиустары бір біріне тең.Араластырғыш бойлай бағытта төрт учаскеге бөлінген: аударып лақтырушы қалақшалар учаскесі; араластырып тасымалдайтын күрекшелерінің екі учаскесі мен иірлік орамдарының учаскесі.Араластырғыш иірлік орамдарының учаскесі, аударып лақтырушы қалақшалар учаскесі мен араластырып тасымалдайтын күрекшелерінің учаскелерінен құралғандықтан араластыру үрдісіне шығындалатын қуат әрбір учаскенің қоректену қуаттарының сомасына тең болады. Бұл қуат шанақтың пайдалы көлемі мен құраманың орташа биіктігіне, цикл уақытына, жұмыс мүшелерінің айналу жиілігіне және араластыру кезінде құрғақ шашылмалы материалдардың физика-механикалық қасиетіне байланысты анықталады

Description

Citation

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By