ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТРИХИНЕЛЛЕЗБЕН ЗАҚЫМДАНУ ДӘРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАУ

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Abstract

Қазақстанда жыл сайын 100 мың тұрғынға шаққанда трихинеллездің 0,58 жағдайы тіркеледі, дегенмен бұл көрсеткіштер нақты емес. Адамдар трихинелла балаңқұрттарымен залалданған шикі немесе шала пісірілген етті тұтынған жағдайда жұқтырады. Еліміздің әр аймағына тиісті трихинеллездің табиғи ошақты сипаты бар. Сезімтал жануарлар арасында трихинеллездің таралу динамикасы туралы деректер іс жүзінде жоқ болғандықтан, аурудың алдын алу шараларын ұйымдастыруды қиындата түседі. Мақалада Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ресми рұқсатпен атып алынған жабайы жануарлар өлекселерінің (8 қабан, 70 қасқыр, 9 қарсақ, 21 түлкі және үш борсық) 111 бұлшықет ұлпа сынамаларын компрессорлық трихинеллоскопия және молекулалық генетикалық зерттеу нәтижелері көрсетілген. Трихинелла балаңқұрттарынан бөлінген ДНҚ үлгілері түрлерді генотиптеу үшін ITS1, ITS2 және ESV ішкі транскрипцияланған аймағына бағытталған 5 түрлік телімді праймерлері көмегімен мультиплекстік полимеразалы-тізбекті реакциясында (ПТР) зерттеліп, барлық аймақтарда Trichinella nativa түрі таралғаны дәлелденді. T.nativa ең жоғары инвазия экстенсивтілігі (ИЭ) қасқырларда 30%, түлкілер мен борсықтарда, сәйкесінше, 19% және 23,4% болды, ал жабайы қабандар мен қарсақтарда трихинеллалар анықталмады. Жабайы жануарлардың T.nativa залалдануының орта инвазия интенсивтілігі (ИИ) 1 г бұлшықетке шаққанда 4,7 балаңқұртты құрады.

Description

Акибеков, О. С. Жабайы жануарлардың трихинеллезбен зақымдану дәрежесі және олардың түрлерін анықтау / О. С. Акибеков, Ж. А. Сураншиев, Ж. С. Асауова, Ж. Ж. Аканова, А. А. Тлепов. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 4-1 (77). - Б. 224-233 (Уральск).

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By