Тараз өңірінде өсірілетін Ақтоғай қойларының жүн өнімділігі белгілерінің өзгергіштігі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ізденістер, нәтижелер- 2019.
Abstract
1990-2000 жылдардағы экономикалық тоқыраудан дегерес қойларының саны да, сапасы да күрт төмендеп, тұқым ретінде жойылып кетуге аз қалған еді. Алайда, біздің (Қ.Н.Бегімбековтің) және жергілікті мамандардың тұқымды сақтап қалуға бағытталған қажымас еңбегінің нәтижесімен соңғы 15-20 жылда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында «Жамшы», «Сәрсенбек», «Бабатай», «Шорманов» атты, Алматы облысының Панфилов ауданында «МҚС-Ақбоз» атты, әрқайсысы 5-6 шаруа қожалықтарын біріктірген 5 селекциялық қауымдастық құрылып, оларда «Ақтоғайдың ақ қойы» аталған 30 мың бас тұқымдық дегерес қойымен селекциялық-асылдандыру жұмыстары тынбай жүргізіліп, бұл шаруашылықтардың бәрі «асыл тұқымды шаруашылық» санатына өткізілген-ді. Бұлар жылына 5000 басқа дейін ұрғашы мал сатып, республикадағы асыл тұқымды қой үлесін арттыруға қомақты үлес қосып отыр. Сондықтан, Ақтоғайдың ақ қойларын Тараз өңіріне әкеп өсіру барысындағы олардың жүн өнімділігі белгілерінің өзгергіштігін зерттеуді мақсат тұтқан бұл жұмыстың практикалық құндылығы өте жоғары. Бұл мақалада дегерес қойы тұқымының ұяң жүнді Ақтоғай популяциясының жүн өнімділігі белгілерінің көрсеткіштері Тараз өңірінде өсіру барысында тұқым стандартынан едәуір артық болатыны дәлелденеді.
