Қазақстанның құрғақ дала жағдайларында күздік тритикале сорттарын оңтайлы өсіру, технологиясы элементтері

Abstract

Зерттеулер жүргізу нақты сортты оңтайлы өсіру мерзімдерін анықтауға жəне оның өнімділігінің себу мөлшерлеріне байланыстылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу мақсаты Батыс Қазақстан облысының құрғақ дала аймағы жағдайларында күздік тритикаленің болашағы бар сорттарын оңтайлы себу мерзімдері мен себу мөлшерлерін анықтау болып табылады. Ең алдымен жергілікті климат жағдайларына бейімделген аудандастырылған сорттардың болмауы бұл жаңа дақылды біздің аймақта өсіруде белгілі қиындықтар тудырады. Бұл дақылды оңтайлы өсіру технологиясының элементтері əлі де толық зерттелмеген. Осының барлығы нəтижесінде оның егістіктерін кеңейтуді тежейді. Күздік тритикале сорттарының аудан бірлігінен жоғары өнімділігі үшінші себу мерзімінде гектарына 4,0 млн. өскіш дəндер себу мөлшерінде байқалды. Оларды өсіру технологиясы элементтерін құру жергілікті табиғи-климаттық жағдайларда осы дақылдың жоғары өнімді егістерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By