Қойлардың инфекциялық энтеротоксемиясы кезіндегі топырақты микробиологиялық зерттеу нәтижелері
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім №4
Abstract
Мақалада қойлардың инфекциялық энтеротоксемиясы кездескен шаруашылықта топырақ сынамаларын микробиологиялық зерттеу қорытындылары келтірілген. Зерттеу барысында аталған шаруашылықтан алынған топырақ сынамаларынан қойлардың инфекциялық энтеротоксемиясының қоздырғышы табылған. Микробиологиялық зерттеулер арқылы бөлініп алынған қойлардың инфекциялық энтеротоксемиясының қоздырғышы қоректік орталарда өсірген кезде өзіне тән морфологиялық сипатта болды. Зертханалық жануарларға жұқтырылып қоздырғыштың уыттылығы мен қоздырғыш культурасының типін анықтау кезінде D типті Cl.perfringens анықталды. Қой энтеротоксемиясының негізгі инфекция көзі ауру және өлген жануарлар болып табылады, олар нәжісімен, зәрімен және әртүрлі секреттермен қоздырғышты сыртқы ортаға шығарады. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, ауру қойлар топырақты, жайылымдарды, шарбақтарды және қой қораларын Clostridium perfringens микробтарымен ластайды.
