Қазақстандағы экологиялық есепті дамыту мәселелері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым, зерттеулер, білім беру: даму үрдістері: ХХІІІ халықаралық ғылыми-практ. конф. материалдары=Science, research, education: development trends: The materials of the XXIII international scientific and practical conf. =Наука, исследования, образование: тенденции развития: мат. ХХІІІ междунар. науч.-практ. конф. (Уральск, 14 апреля 2023 г.) / ЗКАТУ им. Жангир хана // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2023. - № 2 (71) : қосымша № 1.
Abstract
Мақаламда экологиялық есептің даму теориясы және әдістемелік жан-жақты ғылыми зерттеуі қарастырылған. Талдау жасау барысында экологиялық есептің әр түрлі анықтамаы қарастырылған: негізгі бағыттары және анықтама берілген. Зерттеу барысында жалпы ғылыми әдістер қолданылған,соның ішінде бақылау, салыстыру, жүйелі-аналитикалық көзқарас, теорилық қарым-қатынас, салычстырмалық талдау,ғылыми абстракция, эксперттік баға, себеп-салдар байланысты,талдау. Қазіргі уақытта экологиялық есеп қаржылық, басқарушылық және бухгалтерлік есептің перспективалы мәселелерінің бірі болып табылады. Экологиялық есеп пен есеп беру саласындағы алғашқы қадамдарды халықаралық бухгалтерлік қауымдастық он жылдан астам уақыт бұрын жасады, Қазақстанда бухгалтерлік есеп пен сәйкестік аудитінің бұл саласы қазіргі уақытта өзекті болып табылады. Экологиялық есеп негізінен сыртқы және ішкі пайдаланушыларға бағытталған белгіленген нысаны мен мазмұны бойынша қоршаған орта факторларын бағалауға және экологиялық есептерді дайындауға арналған. Экологиялық есеп экологиялық ақпаратты өзінің ерекше тәсілдерімен қамтамасыз ете алады. Экологиялық есепті енгізу экономиканың тұрақты дамуының қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігі үшін де қажет. Бірақ, жоғарыда атап өтілгендей, Қазақстанда экология саласындағы бухгалтерлік есепті реттейтін және қаржылық есептілікте табиғатты қорғау қызметіне байланысты міндеттемелер мен шығындарды егжей-тегжейлі көрсетуді талап ететін нормативтік құқықтық актілердің келісілген жүйесі жоқ.
