ТОПАЛАҢНЫҢ ПРЕЦИПИТАЦИЯЛАУШЫ ҚАН САРЫСУЫН ЖЕТІЛДІРУ

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Abstract

Соңғы онжылдықтарда әлемдік ғылым қауіпті және аса қауіпті індеттердің алдын алу, балау және емдеу құралдарын әзірлеу мен енгізуде елеулі табыстарға қол жеткізді. Осыған қарамастан, көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстандада эпизоотиялық және эпидемиялық сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты ахуалдардың күтпеген жерден туындау қаупі сақталуда және бұл әрбір мемлекет үшін бірінші кезектегі ветеринариялық, медициналық және әлеуметтік-экономикалық мәселелердің бірі болып отыр [1 , 2, 3, 4]. Қазақстан аумағы топалаңнан сау емес деп саналады. Қазіргі уақытта бұл аурудың эпизоотиялық және эпидемиялық таралуы кең емес, бірақ топалаңның өршу қауіптілігі жоғары. Бұл жағдайдың бірден бір себебі – топырақта топалаң ошақтарының болуы. Елімізде жануарлар мен адамдар арасында топалаң жұқтырғандардың тұрақты төмендеуіне қарамастан, жыл сайын дерлік Республиканың әртүрлі аймақтарында бұл індеттің спорадиялық жағдайлары байқалып қалады [5]. Атап айтқанда, Республика аумағында 2015 жылы 1772 топалаңның санитариялық қолайсыз пункті, 2426 індеттік және эпидемиялық ошақтардың тіркелгендігі анықталды [6, 7]. Статистикаға сүйенсек, 2012-2022 жылдар аралығында Қазақстанда жыл сайын дерлік топалаң жұқтыру жағдайы тіркелген. Мәселен, 2012, 2014, 2015 жылдары бір-біржағдайдан, 2018 және 2019 жылдары 2 жағдайдан, 2022 жылы 4 ауру жағдайы тіркелді. Соңғы жылдары топалаң індеті республикамыздың 5 облысында тіркелді, атап айтқанда Қостанай, Түркістан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында. Жалпы, 2012-2022 жылдар аралығында топалаңның қолайсыз ошақтары еліміздің 10 облысында тіркелді, бұл көрсеткіш еліміз бойынша 71,4 пайызды құрайды (облыстарды бөлу кезеңіне дейінгі деректер бойынша) [8,9,10,11]. Жоғарыда келтірілгендер аталған мәселенің өзекті екендігін, сол себепті бұл індетпен күресуде өте жылдам және телімді диагностикалық препараттарды жетілдірудің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеудің техникалық-экономикалық маңыздылығы ауыл шаруашылығы жануарларының топалаңын жедел балау үшін аталған препаратты қолдану тиімділігінен және балау үшін кететін уақыт едәуір қысқаратындығынан тұрады.

Description

Айтжанов, Б. Д. Топалаңның преципитациялаушы қан сарысуын жетілдіру / Б. Д. Айтжанов, А. Б. Бижанов, А. М. Намет, В. Ю. Сущих [и др.]. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-1 (75). Б. І. - Б. 248-256.

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By