Орал қаласының биологиялық су қоймаларының химиялық көрсеткіштерін зерттеу
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім №1
Abstract
Заманауи әлемде тұтынылатын тұщы су мен оның қолжетімді қорының арасында диспропорция туындайды. Жер бетінде тұщы су тапшылығы жыл санап өсуде. Заманауи канализация және су тазалау жүйесінің маңызды тапсырмаларының бірі тұрмыстық ағынды суды тазалау. Бүгінгі күні қоршаған ортаға шығарылатын ағынды су сапасына қатаң талаптар қойылуда. Ережеге сәйкес ағынды су құрамын талдауда судағы ластағыштарға кешенді тексеріс жүргізіледі. Химиялық талдауда суды әрі қарай қолдану жарамдылығына немесе қоршаған ортаға жіберуге және тиімді тазалау әдістерін таңдауда әсер ететін химиялық көрсеткіштеріне көп көңіл бөлінеді. Мақалада осыған байланысты қаламыздың биологиялық су қоймалары суының химиялық көрсеткіштерін зерттеліп, оның қоршаған ортаға зияны анықталды.
