Ұлан-ғайыр далаға киік сыймай барады...
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Abstract
Киік пен адам арасындағы ең даулы мәселе – жер жағдайы. Қазір бөкендер мұз дәуірінен бері еркін серуендеген жазғы жайылымына, ел шекарасынан Еділге дейінгі жайылымдарға өте алмай қалды. Бұл дағдарыстың ең түзу, жылдам шешімі – Экология және табиғи ресурстар министрлігі аудан, ауыл әкімдіктерімен бірлесіп, Ресейдің шекаралас Волгоград, Саратов облыстарымен көктемге дейін келісім жасауы қажет. Яғни ел шекаралығынан ені 3-5 км 7-8 тұрақты дәліз ашып, киіктің байырғы жайылымдарына өтуіне жағдай жасалуы керек. Дәліздер сым қоршаумен шектелсе, егіндік пен жайылымды жайпаудан сақтайды. Осы кезде киік тобының жартысы Еділмен екі арадағы кең жайылымға шығады. Күз соңында олар кері қайтады. Бұл шара киікті жұттан, қауіпті аурудан жаппай қырылудан сақтайды, елді экологиялық дағдарыстан шығарады.
Description
Egemen Qazaqstan. - 2025. - 14 наурыз. - Б. 14
