Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторы бойынша өңірлерді кластерлеу
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2023. - № 2-3 (71). Б. ІІІ.
Abstract
Мақалада кластерлік тәсіл аумақтық-экономикалық ұйымдастырудың тиімді әдісі және Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде қарастырылады. "Statistica" компьютерлік жүйесінде "кластерлік талдау" модулі пайдаланылды. Көлденең "ағаш тәрізді" диаграммасы салынған. Объектілерді әлемдік және өңірлік нарықтар жүйесіне тарту мақсатында әлеуметтік-экономикалық жағдайы ұқсас өңірлердің бірігуі болып табылатын иерархиялық жіктеу әдісімен ҚР облыстарын кластерлеу жүргізілді. Дендрограммаларда зерттелетін өңірлер жиынтығын ҚР экономикасының нақты секторы бойынша «Варда» және «Толық байланыс» әдістерімен кластерлерге бөлу нәтижелері ұсынылған. Өңірлерді кластерлеу кезінде мынадай көрсеткіштер пайдаланылды: өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі; ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы; орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі; пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы; тасымалданатын жүктер қызметтерінің көлемі; тасымалданған жолаушылар; пошта және курьерлік қызметтер, байланыс қызметтерінің көлемі. Кіші кластерлерге бөлінген екі үлкен кластер көрсетілген. "Жүктерді тасымалдау" факторы бойынша негізінен тау-кен өнеркәсібінің дамуына байланысты Қарағанды және Абай облыстары бөлінеді. Ауыл шаруашылығы бағытындағы кластерге Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары жатады. Жеке кластерге Қазақстанның ірі қалалары (Астана, Алматы) және Атырау облысы елімізде орындалған құрылыс жұмыстарының ең үлкен көлемінің факторы бойынша бөлінеді.
