СОЛТҮСТIК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕМШӨП ӨНДIРIСIНДЕ ШИКIЗАТ КОНВЕЙЕРЛЕРIН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ШЕШIМДЕР
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Abstract
Мақалада ауыл шаруашылығы өндірісіне шикізат конвейерлерін енгізудің өзектілігі,
олардың мәні мен қазіргі заманғы агротехнологиялық жағдайларда жетілдіру
перспективалары қаралады. Көп жылдық шөп қоспалары негiзiнде шикiзат конвейерлерiн
ұйымдастыруға, олардың өнiмдiлiгiне және Солтүстiк Қазақстан жағдайында мал
шаруашылығының жемшөп базасына әсерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Топырақ-климаттық
факторлардан туындаған жемшөп тапшылығына байланысты негізгі проблемалар
талданады, сондай-ақ едәуір күрделі салымдарсыз табиғи ресурстарды ұтымды басқару
тәсілдері ұсынылады. Әр түрлі шөпқоспаларының өнімділігі, олардың жемазық сапасына
әсері жайлы мәліметтер келтірілген. Шөп қоспалары ретінде жоңышқа + фестулолиум және әр түрлі дәнді дақылдармен асбұршақтың қоспа комбинациялары қолданылады.
Жемшөп өндірісін тұрақтандыру және мал шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін
мамандандырылған конвейерлік жүйелерді енгізудің маңыздылығы атап өтіледі. Жемшөп
дақылдарының егіс алаңдарын ұлғайту және аграрлық секторды тұрақты дамыту үшін
оларды өсіру технологияларын оңтайландыру перспективалары қарастырылады.
Қорытындыда шикізат конвейерлерін енгізу негізінде жемшөп өндірісін жетілдіру
бойынша ұсыныстар берілді, бұл мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға, жемшөп
алқаптарының құрылымын жақсартуға және жоғары сапалы жемшөп өндірісін тұрақты
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Description
Шаяхметова, А. С.
Солтүстiк Қазақстанның жемшөп өндiрiсiнде шикiзат конвейерлерiн қалыптастыруға арналған агротехнологиялық шешiмдер / А. С. Шаяхметова, И. В. Савенкова, М. Б. Ахметов, А. К. Темирбулатова. - Текст : непосредственный // "Ғылым, зерттеулер, білім: даму тенденциялары" атты XXV халықаралық ғылыми-практ. конф. жинағы = Сollected papers XXV International scientific and practical conference "Science, research, education: development trends"= «Наука, исследования, образование: тенденции развития»: cб. XXV междунар. науч.-практ. конф. - Орал: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ. - 2025. - Б. 160-167 (Орал).
