ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛ САПАСЫН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ БАҒАЛАУ

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Abstract

Шығыс Қазақстанның әртүрлі аудандарында төрт (нозематоз бойынша 3 қолайсыз және 1 шартты түрде қолайлы) омартада күші жағынан әртүрлі балұясынан жиналған жаңадан шығарылған балдың он екі үлгісінің сапасына ветеринарлық-санитарлық бағалау берілді. Органолептикалық (түсі, хош иісі, дәмі, консистенциясы (сыртқы түрі), ашу белгілерінің болуы) және бал сапасының негізгі физика химиялық көрсеткіштері (судың массалық үлесі, редукциялаушы қант пен сахарозаның массалық үлесі, диастаз мөлшерінің құрамы, гидрооксиметилфурфуралдың және механикалық қоспалардың болуы) зерттелді. Сонымен қатар, бос қышқылдық, электр өткізгіштік, ерімейтін заттардың массалық үлесі және сутегі көрсеткіші анықталды. Зерттелген үлгілердің барлық көрсеткіштері бал сапасының ұлттық және мемлекетаралық стандарттарына сәйкес келді. Бұл ретте аурулар бойынша қолайсыз омарталарда және шартты түрде қолайлы омартада іріктелген жаңадан шығарылған балдың сапалық және сандық көрсеткіштерінде айтарлықтай айырмашылық (р>0,05) анықталған жоқ. Тек жекелеген жағдайларда көрсеткіштердің айырмашылығы анықтықтың ең төменгі шегіне жуықтайды. Күші жағынан әртүрлі балұяларда да балдың сандық көрсеткіштері ерекшеленеді, алайда бұл айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан маңызды емес, өйткені алынған нәтижелер айырмашылығының анықтығы маңыздылықтың рұқсат етілген деңгейінен (р>0,05) аспайды.

Description

Тихомирова, Е. Ю. Шығыс Қазақстандағы бал сапасын ветеринарлық-санитарлық бағалау / Е. Ю. Тихомирова, Н. В. Валитова, Ж. М. Гумарова. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2023. - № 3-1 (72). І Бөлім. - Б. 150-158 (Орал). - ISSN 2305-9397.

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By