МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН БОЛАШАҚ ЕҢБЕК БАҒЫТТАРЫ
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана
Abstract
Жалпы орта мектепте бейіндік оқытуды жүзеге асыру барысында жоғары саты оқушыларының қызығуы мен сұранысына, бейіні мен қабілеттеріне сәйкес мамандық түрін саналы таңдауы мен тұлғалық, қоғамдық қажеттілік арасындағы байланысты зерттеу проблемалары айқындалған. Оның бірі оқушылардың өзін-өзі анықтау, бағалау қасиеттерінің төмендігі, мектептің жоғары саты оқушыларына бейіндік оқытудың моделдері мен түрлері, формалары мен құралдары толық жүзеге асырылмауы, оқушылардың мамандық түрін таңдауда қоғамдық қажеттіліктерді, қоғамдық қатынастардағы болашақ еңбек түрлерін ескермеуімен байланыстырады. Сол сияқты оқушылардың мамандық таңдау туралы сауалнамада берілген жауаптары мен шынайы кәсіби мектептерде білім алып жатқан мамандық түрлері арасындағы үйлесімділіктің расталмауы анықталған. Жоғары саты оқушылары сауалнама жауаптарында техникалық мамандықтарды таңдау жасауы артқанымен, шынайы тәжірибеде, яғни, қазіргі кәсіптік мектептерде оқып жатқан оқушылардың мамандық түрлері басым жағдайда гуманитарлық сипатта болып отыр.
