ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫҢ, ӨСІМДІКТЕРДІҢ, СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МАЛ ӨНІМДЕРІНІҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ

Abstract

Еліміздегі меншіктік радиоактивтілігін анықтау үшін сынаманы топырақ – су – өсімдік өнімдерін алынды зерттеу үшін төрт облыс, яғни: Қызылорда, Түркістан, Алматы және Абай облыстары географиялық ерекшеліктерін ескере отырып таңдалады. Әр облыстан аталған үш өнімнен сынама алынды. Зерттеу жұмыстары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жүргізілді. МКС АТ – 1125 дозиметр – радиометрі құрылғысы көмегімен зерттелді. Зерттеу нәтижелеріне келетін болсақ, төрт облыстың меншіктік радиактивтілігі шектік мөлшерге сай болды. Судан алынған сынаманың меншікті радиоактивтілігі ең жоғарығысы Абай облысы және Қызылорда облысы - 20,0 бк/кг(л) екендігі анықталды, ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысы - 19,7 бк/кг (л), Алматы облысында бұл көрсеткіш - 0.1 бк/кг (л) жоғары болды. Топырақтың көрсеткіштерін анықтау барысында ең жоғарғы көрсеткіш Алматы облысында - 168,8 бк/кг анықталды. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысы - 92,5 бк/кг, Абай облысы - 7,9 бк/кг -ға көп, ал Түркістан облысы - 0,9 бк/кг -ға жоғары. Өсімдіктен, яғни жем-шөптен алынған сынамаларды зерттеу барысында ең жоғарғы көрсеткіш Абай облысы - 24,1 бк/кг екендігі анықталды. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысы - 20,45 бк/кг тең, Алматы облысы - 2,9 бк/кг - ға жоғары, ал Түркістан облысы - 2,15 бк/кг -ға көп.

Description

Қазақстандағы топырақтың, өсімдіктердің, су қоймаларының және мал өнімдерінің радиациялық қауіпсіздік деңгейін анықтау / А. Б. Абжалиева, А. Д. Узынтлеуова, С. М. Джунисбаева, А. Ж. Зарханова, А. М. Мусоев, Р. К. Базарбаев. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 1-1 (74). Б. І. - Б. 101-109.

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By