Сүтті бағыттағы сиырлардың өнімділік көрсеткіштерінің динамикасы
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education № 2-2 (67).
Abstract
Ірі қара малымен селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізу барысында тірі салмақ, дененің дамуы, конституциясы сияқты көрсеткіштерді ескеру өте маңызды, аталған индикаторлар жануардың денсаулығы туралы ақпарат береді. Тірі салмақ, индикатор ретінде, әрдайым дерлік сүт өнімі сияқты маңызды селекциялық белгімен тікелей байланысты, бұл өз кезегінде жеке жануардың да, жалпы табынның да сүт өнімділігінің деңгейін анықтайды. Әрбір тұқым үшін тірі салмақтың өзіндік стандарты бар екенін есте ұстаған жөн, сонымен қатар, жануар денсаулығы мен зауыттық жағдайын сақтай отырып, сүт өнімділігінің генетикалық әлеуетін барынша арттыруға болады. Тірі салмақ тұқымдық стандарттан асып кетсе, кері корреляциялық байланыс көрсетуі мүмкін, ал өнімділікті арттырудың орнына ол төмендейді, жануар семіздікке бейім болады. Осыған байланысты сауын сиырларындағы тірі салмақты бақылау өте маңызды, осылайша олардың денсаулығын, жағдайын және жоғары сүт өнімділігін анықтауға болады. Біздің жұмыста тірі салмағына байланысты қара-ала тұқымдары сиырларының сүт өнімділігінің көрсеткіштерін бағаланды.
