БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНДА ӨСІРІЛЕТІН АЛМА СОРТТАРЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ ПІСУ МЕРЗІМДЕРІНЕ ОРАЙ ҮЗДІК НҰСҚАЛАРЫН ТАҢДАУ
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Abstract
Өсімдік шаруашылығы салаларын дамытудың жалғыз жолы – оларды тұрақты түрде
жаңа сорттармен жаңарту, өнім өндірудің қарқынды технологияларын енгізу, соның ішінде
алма ағашының жоғары сапалы отырғызу материалдарын пайдалану арқылы қарқынды ету. Бұл
мәселені шешуде әлемнің жетекші елдерінің ұлттық экономикаларының басым бағыттарының
бірі болып отыр. Алма көшеттерінің өнімдерін арттырудың маңызды қоры вирустық және
микроплазмалық аурулардан болатын шығындарды азайтуда жатыр. Жеміс-жидек
дақылдарының созылмалы вирустық ауруларынан туындайтын үлкен және тұрақты өнім
шығындары питомниктерді вирустардан таза, отырғызу материалдарын өндіруге көшіруді
талап етеді. Бұл үшін заманауи, сенімді экспресс-вирустық бақылау әдістерін қолдану қажет.
Қазіргі уақытта нарықта қаржылық табысты қамтамасыз ету үшін шаруашылық
тұрғысынан құнды және бейімделу қасиеттері жоғары, сонымен қатар жоғары өнімділікке, сапалы тауарлық түрге, тасымалдауға төзімді және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті жеміс
дақылдарының сорттары қажет. Алма бағының рентабельділігінің негізі – ұтымды технология,
ағаштарға дұрыс күтім жасау және сорттарды дұрыс таңдау. Айта кету керек, реформалар
басталғанға дейінгі жылдары Батыс Қазақстан аймағындағы алма ағаштарының орташа
өнімділігі 40-50 ц/га-дан аспаған.
Description
Батыс Қазақстан облысы аймағында өсірілетін алма сорттарының әртүрлі пісу мерзімдеріне орай үздік нұсқаларын таңдау / М. К. Мусина, Г. К. Нургалиева, А. Г. Нагиева, Е. Е. Аюпов, З. Амангелдіқызы. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 4-2 (77). Б. ІІ. - Б. 115-123 (Орал).
