Абердин-ангус тұқымының асыл тұқымды қашарларын өсіру технологиясы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім №1

Abstract

Мақалада Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы «Ақтөбе Ет Кластері» ЖШС-де өсірілетін асыл тұқымды қашарлардың тірілей салмағы мен экстерьерлік-конституционалдық ерекшеліктері, технологиялық есептері көрсетілген. Зерттеу нәтижесі бойынша абердин-ангус тұқымының асыл тұқымды қашарларының жас аралық динамикасында тірілей салмақтары тұқым стандартына, сонымен қатар элита класы талаптарына сай келетіндігі жайында көрсетілді. Тірілей салмақ көрсеткіштері және де орташа тәуліктік салмақ қосу динамикасы нәтижелерінің көрсеткіштері табынды көбейту барысында пайдалануға болатындығы да дәлелденген. Сонымен бірге зерттеу барысында анықталған дене бітімінің өлшемдері мен индексі етті бағыттағы ірі қараның жарқын көрінісін көрсеткендігі айқын. Сонымен қатар мақалада асыл тұқымды қашарларды өсірудегі технологиялық есептері, соның ішінде азықтың пайдалану мөлшерлемесі, азық шығыны мен судың тұтыну қажеттілігі және де зоогигиеналық параметрлері де көрсетілген. Және де мақалада зерттеу нәтижелері бойынша анықталған абердин ангус тұқымы қашарларына қажетті жер көлемі мен оларды өсіруге кеткен шығын мөлшері жайында да бейнеленген. Осыған байланысты асыл тұқымды қашарларды өсірудің қаншалықты пайдалы екендігі айқындалып, тиімділік деңгейінің пайыздық көрсеткіші берілді.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By