БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА ТЕЛЯЗИОЗЫНЫҢ МАУСЫМДЫҚ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ТЕЛЯЗИЯЛАРМЕН ИНВАЗИЯЛАНУ МЕРЗІМІ
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Abstract
Телязиоз - ұсақ нематодтар - телязиялар тудыратын маусымдық (жазғы) инвазияларға
жататын паразитарлық ауру. Бұл ауруды инвазиялық кератоконъюнктивит деп те атайды.
Қазіргі уақытта бір-бірінен кутикула, ауыз аппараты құрылысымен, өлшемдерімен және т.б.
ерекшеленетін мүйізді ірі қара телязилердің үш түрі белгілі: Thelasia rhodesi, Thelasia gulosa,
Thelasia skrjabini. Телязиялар - биогельминттер және олардың биологиялық циклі әр түрлі
зоофильді шыбындарды қамтиды. Даму циклі мал көзінде қыстап шыққан телязиялардың
бірінші сатыдағы дернәсілдері көз жасымен бірге сыртқа бөлінуінен басталады. Осы кезде
зоофильді шыбындар көз жасымен қоректенгенде дернәсілдерді жұтады. Шыбынның ағзасында
дернәсіл инвазиялық сатыға жетеді. Аралық иесі ірі қара малдың көзінің жанына қайтып
отырғанда, дернәсіл шыбын тұмсығы арқылы шығып конънктивасына түседі. Түрлеріне қарай
көздің қалтарыс қуысында, жасы бөлінетін без жасағарында, көз-кеңсірік түтіктерінде үшінші
қабақ астында жыныстық жағынан жетіледі. Даму айналымы осы жолменен қайталанып
отырады. Негізгі зиян конъюнктивасы мен көздің мүйізді қабығының механикалық
зақымдануына негізделеді, үнемі тітіркену кезінде түрлі дәрежедегі кератоконъюнктивитке
және соқырлыққа әкеледі. Соқыр жануарлардың табында жүруі қыйындайды, жоғалады,
жарақаттану қаупі артады, оларды бағу қиындайды. Сондай-ақ, ауру жануарлар «резервуар»
болып табылады және олар бүкіл табындыағы телязиоздың бастапқы нүктесі бола алады.
Инвазияның маусымдық динамикасын анықтау арқылы онымен күрес шарасын жоспарлауды
тіймді өткізуге үлкен септігін тигізеді.
Description
Батыс Қазақстан облысында мүйізді ірі қара телязиозының маусымдық динамикасы және телязиялармен инвазиялану мерзімі / Ф. Х. Нуржанова, Н. Т. Абекешев, Р. Г. Абдрахманов, М. Ш. Шалменов, Б. М. Сидихов. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2023. - № 3-1 (72). І Бөлім. - Б. 29-38 (Орал). - ISSN 2305-9397.
