Батыс Қазақстан облысының тыңайған топырақтарының ферментативті белсенділігі

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім №4

Abstract

Батыс Қазақстан облысында біржылдық және көпжылдық өсімдіктерді өсіру үшін оңтайлы жағдай жасау бағытында тыңайған топырақты игеру ғылыми негізделген технологиялар бойынша жүргізілуі тиіс. Ауыл шаруашылығы дақылдарының құнарлылығын қоса дақылдардың өнімділігін анықтайтын көрсеткіштерінің бірі биологиялық белсенділік болып табылады. Топыраққа органикалық заттар түскеннен кейін, ол топырақ микроорганизмдерінің көмегімен ыдырайды. Топырақтың микробиологиялық белсенділігі әр түрлі факторлардың әсеріне байланысты. Бұл факторларға органикалық заттардың құрамы, қышқылдық индексі, топырақтың физикалық қасиеттері және дақылдың вегетациялық кезеңі кіреді. Топырақты өңдеу процесінде ауа райынан басқа көптеген факторлар әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты жаңа агротехниканың дамуы ауыл шаруашылығының биологизациясымен тығыз байланысты. Мақалада топырақтың микробиологиялық белсенділігі зерттеу деректері оларды әртүрлі өңдеу нәтижелері мен жер түрлері анықтау негізінде келтірілген. Топырақтың биологиялық белсенділігін зерттеу үшін төрт нұсқа бойынша зерттеулер жүргізілді: тыңайған жер (бақылау), 25-27 см тереңдікке дейін жырту, 25-27 см тереңдікке тегіс қопсыту және 14 см тереңдікке таяз қопсыту.Қара каштан топырақтарының биологиялық белсенділігі зерттеу егістік жерлерді негізгі өңдеуден өткізгеннен кейін және зығыр матаның ыдырау дәрежесі, сондай-ақ құрттардың саны бойынша жүргізеді.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By