Мобильдік оқыту - білім беру үрдісіндегі жаңа технология
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2021.- №3
Abstract
Мақалада мобильді оқытуды қазіргі білім беруде қолдану туралы айтылады. Білім алушылардың арасында мобильді қосымшалардың кең қолданылуына және қол жетімділігіне қарамастан, отандық жоғары оқу орындарында мобильді оқыту нашар таратылғаны белгілі. Білім алушылардың мобильді технологияларды оқуға техникалық және психологиялық дайындығы талданады. Білім алушылардың көпшілігі білім беруде барлық техникалық және психологиялық мобильді қосымшаларды қолдануға дайын екендіктеріне және мобильді оқыту әлеуетін барынша арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеу керек деген қорытындыға келді. Қазіргі заманның талабына сай мобильдік қосымшалар қай салада болса да өзінің тиісті орнын алып тұр, сондықтан бұл жұмыстың өзектілігі оқытушылардың мобильдік қосымшаларларды оқу құралы ретінде қолдануға көшу туралы пікірлерін анықтау. Мерзімді басылымдардың орнын казіргі кезде мобильді қосымшалар басып жатыр. Бүгінгі таңда мобильді қосымшалардың көмегімен бір планшет бір бума газет-журналдың орнын баса алады. Соңғы жылдары мобильді оқыту смартфондар мен қол құрылғыларының көбеюімен ғана емес, сонымен бірге адамдардың да осы технологияға тәуелділік деңгейімен сәйкес келіп, қарқынды дамып келе жатыр.
