Органикалық егіншілік жүйесінде судан шөбінің егістіктерін қалыптастыру
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education № 2-1 (67).
Abstract
Батыс Қазақстанда өнімділігі орташа болғанына қарамастан азықтық дақылдардан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер арасында ең танымал болып болып саналатын көк шөп, сенаж және құрғақ шөп өндіру үшін судан шөбі пайдаланылады. Жаңа препараттардың пайда болуына байланысты био-органикалық тыңайтқыштар мен биопрепараттардың судан шөбінің өнімділігіне әсерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Органикалық егіншілік жүйесінің ауқымын кеңейту мақсатында зерттеулерде дәстүрлі және биологияландырылған технологияны қолдана отырып, өсіру кезінде судан шөбінің өнімділігі салыстырмалы түрде зерттелді. Судан шөбінің дақылдарында биологияландырылған технология ретінде соңғы буынның биопрепараттары мен органикалық-биотыңайтқыштардың қолданылуы зерттелді. Жалпы алғанда, шөпті 2 рет шауып, шығымын есептеу зерттеулерінде биологияландырылған технологияны қолдану кезінде көк шөп массасын алу үшін де, құрғақ шөп өндіру үшін де қолданылатын судан шөбінің егістері ең үлкен өнімділікке ие екені байқалды – 129,65 ц/га көк шөп массасы, 30,52 ц/га құрғақ шөп, 2,13-2,37 ц/га сіңімді протеин және 29,59-30,12 ГДж/га алмасу энергиясы, жем-шөптің протеинмен қамтылуы -83-96 г. Бұл жұмыста органикалық егіншілік жүйесіндегі агроландшафттарды басқарудың тиімділігін арттыру үшін судан шөбін өсірудің биологияландырылған технологиясын қолдану маңыздылығы туралы тұжырым жасалды, бұл зерттеулердің ғылыми жаңалығы осында болып табылады.
