Орал қаласы иттерінің гельминтофаунасы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім №4

Abstract

Етқоректілердің инвазиялық аурулары арасында ең көп таралған гельминтоздар, олардың кейбіреулері антропоноздар, тек жануарлардың денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, сонымен қатар адамдарға қауіп төндіреді. Соңғы жылдары адамдар мен жануарларға ортақ гельминтоздармен ауыратын адамдардың саны күннен – күнге артуда. Соңғы кездері иттен жұғатын гельминтоз ауруларының көбеюі қалалық, қала аймағындағы және жеке үйлерде өлген және сойылған малдың жарамсыз ағзаларының уақытында жойылмауы басты себеп. Иттер өлексесінің көмілмеуіне мүмкіндік туғызуы сонымен қатар олардың тиісті малдәрігерлік тексеруден түбегейлі өткізілмеуі, қала, қала аймағындағы үй иттерінің есепке алынбауын да жатқызуға болады. Бұралқы иттердің көбеюі де әсер етеді. Осыны ескере отырып бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары мен мал дәрігерлік шараларды жүргізудің маңыздылығы жоғары болуы шарт. Сондықтан эпизоотологиялық жағдайды білу, диагнозды уақтылы және дұрыс қою және терапияның тиімді әдістерін қолдану өзекті болып табылады. Иесіз иттерді ұстау және оқшаулау кезінде жоспарлы дегельминтизация жұмыстарын, халық арасында санитарлық – профилактикалық іс-шараларды жоғары деңгейде жүргізу етқоректілердің арасындағы гельминтоздардың таралуын азайтуға мүмкіндік береді.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By