Күріш тұқымын себер алдында дәрілеудің тиімділігі
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Біз - Қазақстан болашағымыз: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практ. конф. материалдары
Abstract
Күріш егістігінде өсімдіктерге аса зор қауіп келтіретін саңырауқұлақ қоздыратын аурулары қатарына фузариоз, альтернариоз, соңғы жылдары пирикуляриоз аурулары жатады. Егістік дақылдардың тұқымдық материалдарын дайындауға жататын шаралардың ішінде аса зор маңызы бар шара – тұқымды себер алдында дәрілеу болып табылады. Осы мақсатта қолданылатын препаратты дұрыс таңдау – бұл күріш танабы жағдайда көптеген ауру түрлерінің алдын алуға және сау өскін алуға таптырмас мүмкіндік. Бұл аурулар мен зиянкестер күріш өнімін азайтып қана қоймай, сонымен қатар өскіндердің өну қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Күріш дақылын осындай аурулар мен зиянкестерден қорғау мақсатында, Юнта, к.с. (тебуканозол, 13 г/л+имидаклоприд, 233 г/л) инсектофунгицидімен тұқымды егу алдында (1,5-1,75 л/т мөлшерімен) өңдегенде, орташа өнімділік 54,8 және 59,5 ц/га құрады
