АГРОФИРМА «ПРИРЕЧНОЕ» ЖШС-де ӘУЛИЕКӨЛ ІРІ ҚАРА ТҰҚЫМЫН КҮТІП БАҒУ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Abstract

Бұл мақалада әулиекөл ірі қара тұқымын күтіп-бағу жағдайларын анықтау мен шаруашылықта ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына талдау нәтижелері берілген. Микроклиматтың параметрлері малдың физиологиялық жағдайына, өнімділігіне және жануарлардың денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Жануарлар қаншалықты жоғары қасиеттерге ие болса да, қажетті микроклимат жағдайларын жасамай, олар денсаулықты жақсы сақтай алмайды және тұқым қуалаушылыққа байланысты өздерінің әлеуетті өндірістік қабілеттерін барынша көрсете алмайды. Қоралардың температурасы сиырларға айтарлықтай әсер етеді, өйткені сиырлар температураның шектен тыс жағдайында стресске ұшырайтын сүтқоректілер. Қора-жайдағы жоғары температура сиырларда жылу стрессін тудыруы мүмкін, бұл сүт өнімділігінің төмендеуіне, сонымен қоса тәбеттің төмендеуіне және жануарлардың жалпы денсаулығының нашарлауына әкеледі. Оңтайлы температурада сиырлар өздерін жайлы сезінеді, бұл тәбетті жақсартуға, сүт өндіруді жақсартуға және жалпы әл-ауқатқа ықпал етеді. Осыған орай біз қора-жайлардың температуралық режимін зерттеп, нәтижелерінде зерттелген корпустардағы ауа температурасының орташа жылдық көрсеткіштері нормадан сәл жоғары екенін анықтадық. Шаруашылықтың қора-жайларының ылғалдылық көрсеткіштері қораның әртүрлі жалпы саны 7 нүктелерінде анықталды. Зерттелген қора-жайлардағы бірнеше аймақтардың микроклиматтық көрсеткіштері тиісті нормадан ауытқулары байқалды.

Description

Қойгельдинова, А. С. Агрофирма «Приречное» ЖШС-де әулиекөл ірі қара тұқымын күтіп бағу және ветеринариялық санитариялық іс-шаралары / А. С. Қойгельдинова, Г. Жексембаева, Л. М. Усенова, Л. Н. Касымбекова. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-1 (75). Б. І. - Б. 160-170.

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By