Манноза мен лактоферринді байланыстыратын лектин гендеріне сәйкес голштин және қара ала тұқымды сиырлардың генетикалық құрылымына сипаттама

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education № 2-1 (67).

Abstract

Молекулалық маркерлерді қолдана отырып, селективті өсіру арқылы жұқпалы ауруларға төзімділікті жақсартуға негізделген тәсіл белгілі бола бастады. Полиморфты нұсқалары организмнің маститке төзімділігіне әсер ететін бірқатар кандидат-гендер бар, олардың арасында организмнің қорғаныш функцияларына әсер ететін гендер ерекше қызығушылық тудырады: лактоферрин гені (LTF) және манноз байланыстыратын лектин (MBL1). Зерттеу нәтижесінде Қостанай облысының голштин және қара ала тұқымды мал популяцияларында ПТР-РФҰП әдісімен MBL1-HaeIII және LTF-EcoRI полиморфизмдері зерттелді. Зерттеу үшін «Бек+» ЖШС-де голштин тұқымды 189 ІҚМ басы, «Заря» АҚ-да қара ала тұқымды 181 ІҚМ басы іріктелді. Харди-Вайнберг Заңына сәйкес голштин сиырларының популяциясындағы MBL1-HaeIII полиморфизмі және екі популяциядағы LTF-EcoRI полиморфизмі бойынша генетикалық тепе-теңдіктің бұзылуы анықталды. Зерттеуде алынған нәтижелер голштин және қара ала ірі қара мал топтарына арналған маркерлер арқылы болашақ селекция және мал өсіру бағдарламаларында қолдануға болатын маңызды ақпарат береді. Қызуғышылық тудырған аллельдер мен генотиптердің таралуын зерттеу басым немесе сирек кездесетін генотиптердің шаруашылық-пайдалы белгілері, ауруларға төзімділігі және жануарлардың бейімделу қасиеттері бар корреляциясын анықтауға мүмкіндік береді.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By