Оңтүстік қазақ мериносы желілік малдарының ұрпақ өнімділігі

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім №1

Abstract

Мақалада биязы жүнді оңтүстік қазақ мериносы желілік малдарының ұрпақтарының өнімділік көрсеткіштері келтірілген. Желілік малдардың төлдері тірілей салмақтары бойынша өздерінің шаруашылық жағдайындағы қатарластарынан асып түседі. Жаңа туған еркек қозылардың орташа тірі салмағы 5,37-5,56 кг шегінде, ал ұрғашы қозылар 4,94-5,1 кг аралығында ауытқиды және будан малдар жергілікті шаруашылық жағдайындағы төлдерден еркектері 0,7-0,9 кг, ұрғашылары 0,5 - 0,7 кг-ға артық. Енесімен бірге кезеңіндегі қозылар жақсы өсіп, қарқынды дамиды және қозы бөлім уақытында (4,0-4,5 ай) еркек тоқтылардың тірілей салмағы 37,8-39,7 кг, ал ұрғашыларда 34,9-35,2 кг құрады. І және ІІ желі ұрпақтарының өз қатарластарынан басымдылығы еркек тоқтыларда 0,7 кг немесе 2,5%; 0,9 кг немесе 2,6% ал ұрғашыларда тиісінше: 0,5 кг; 2,1%: 0,6 кг, 2,2%. Жуылған жүн шығымы бойынша І және ІІ желідегі ұрпақтарының көрсеткіштерінің басымдылығы еркек тоқтыларда 0,6 кг немесе 1,06%: 0,3 кг немесе 0,9% ал ұрғашы тоқтыларда бұл көрсеткіштер тиісінше: 0,6 кг; 0,7%: 0,3 кг; 0,6% -ды құрады. Бұл басымдылықтар өсіп-дамудың келесі мезгілдерінде де байқалады. Әр түрлі топографиялық бөліктеріндегі талшық ұзындығын өлшеу көрсеткендей, желілік тоқтылардың бүйіріндегі ұзындығы 9,5-9,8 см аралығында және өздерінің шаруашылық жағдайындағы қатарластарынан 0,3-0,5 см-ге артық .

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By