Ет өңдеу кәсіпорындарында жүргізілген дезинфекция сапасын салыстырмалы түрде санитариялық-гигиеналық бағалау
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім №1
Abstract
Халықаралық ережелерге сәйкес жаңа ветеринариялық препараттар мен дезинфекцияның рационалды технологиялары тиімділігі жоғары, экологиялық қауіпсіз, препараттардың сапасы талап етілетін нормаға сәйкес және барлық компоненттері әр уақытта тұрақты, ал физикалық-химиялық және биокинетикалық көрсеткіштері қолданылған жағдайда өзгеріссіз сақталуы тиіс. Бүгінгі таңда еліміздегі ет өндіру және өңдеу өнеркәсібінің дамуы, бәсекелестікті күшейтіп, өндірілетін ет өнімдерінің сапасына және оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жоғарылады. Көптеген ғаламдардың мәліметтері бойынша жыл сайын ет өңдейтін кәсіпорындар санитариялық ережелерді сақтамау салдарынан дайын өнімнің 5-10% жоғалтады. Сондай-ақ технологиялық қондырғылардың дұрыс жуылып-зарарсыздандырылмауы өнімнің бактериялық ластануына, ал микробпен залалданған өнім өз кезегінде тұтынушының тағамдық улануға ұшырауына әкеп соғады. Сондықтан да сапасы жоғары өнім алу үшін, ең алдымен, өндіріс гигиенасын және санитариясын дұрыс ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар дезинфекцияның тиімді тәсілдерін де дұрыс таңдау керек.
