ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН, АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ 2022-2023 ЖЫЛДАРДАҒЫ ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ЛЕЙКОЗЫ БОЙЫНША ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу
облыстарында ірі қара малдың лейкозбен ауыруына байланысты эпизоотологиялық жағдайы
баяндалады. 2022-2023 жылдар аралағындағы Республиканың аталған облыстарындағы мүйізді
ірі қара малының лейкозы бойынша эпизоотиялық жағдайға талдау және бағалау жүргізу,
сонымен қатар лейкозға сипаттама, қысқаша тарихы көрсетілген. Эпизоотологиялық жағдайды
анықтау үшін мүйізді ірі қара малының лейкоз ауруы туралы деректерді жинау, эпизоотиялық
себептерін талдау және мүйізді ірі қара малының лейкозбен күресуде ветеринариялық
шараларды қолданудың тиімділігін бағалау, лабораториялық әдістері соның ішінде
серологиялық- иммунды ферментті талдау және иммундыдиффузды реакция, гемотологиялық
зерттеу, яғни лейкоциттердің жалпы саны, лимфоциттердің абсолютті саны және
лимфоциттердің пайызын анықтау арқылы әртүрлі зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеу
нәтижелері Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу
облыстарындағы мүйізді ірі қара малының лейкозы бойынша 2022-2023 жылдар ағымындағы
эпизоотиялық жағдайды бағалауға, сондай-ақ ветеринариялық іс-шараларды жақсарту және
аурудың таралуын бақылау бойынша ұсынымдар ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл мал
денсаулығының жақсаруына және осы аймақтардағы мал шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа
қожалықтар, ет-сүт өнімдерін экспорт-импортқа шығаратын фермалар үшін экономикалық
шығындардың төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сол себепті індетті қадағалау қажет.
Description
Қаймолдина, С. Е.
Қазақстан Республикасының шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарының 2022-2023 жылдардағы ірі қара малдың лейкозы бойынша эпизоотиялық жағдайы / С. Е. Қаймолдина, С. Б. Маманова, Э. Е. Башенова, А. К Мусаева [и др.]. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-1 (75). Ч. І. - Б. 40-49.
