Маркерлік селекция: бактериалдық этиология ауруларының алдын алу және сүтті сиырлардың өнімділігін жақсарту стратегиясы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Abstract

Монографияда қара ала және голштин тұқымды ірі қара малдың генетикалық талдауының нәтижелері, соматотроптық каскадтың полиморфты гендерінің генотиптерінің, лактоферриннің және маннозаны байланыстыратын лектиннің бактериалдық этиологиялы маститке төзімділігімен, сүт қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштерімен байланысы келтірілген. Лактоферрин, маннозаны байланыстыратын лектин, өсу гормоны және инсулинге ұқсас өсу факторы-1 гендеріне сипаттама берілген. Зерттелген голштин және қара ала тұқымды ірі қара мал популяцияларының генетикалық құрылымы анықталған. Анықталған генотиптердің бактериалдық этиология маститі, соматикалық сүт жасушаларының саны, патогендік микроорганизмдерді анықтау жиілігі, сауу деңгейі мен сүт сапасының ассоциацияларына талдау нәтижелері көрсетілген. Соматикалық жасуша деңгейіне, маститке төзімділікке және сауу деңгейіне әсер ететін молекулалық-генетикалық маркерлер анықталды. Монография биологиялық және ауылшаруашылығы бағытындағы университеттердің ғалымдарына, оқытушыларына, студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, сондай-ақ молекулалық биология мен жануарлар генетикасына қызығушылық танытатын зерттеушілерге арналған.

Description

Ульянов, В. А. Маркерлік селекция: бактериалдық этиология ауруларының алдын алу және сүтті сиырлардың өнімділігін жақсарту стратегиясы : монография / В. А. Ульянов, И. С. Бейшова. - Орал : Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, 2024. - эл. опт. диск (CD-ROM). - Систем. требования: CD-R 700 MB/80MIN 52X . - ISBN 978-601-319-518-6

Citation

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By