СИЫРЛАРДЫҢ ЖАСЫРЫН ЭНДОМЕТРИТІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ ДИАГНОСТИКАСЫ

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Abstract

Мақалада Алматы облысы, Талғар ауданы, «Амиран Агро» ЖШС сүтті бағытта голштинофриз тұқымды сиырлардың гинекологиялық патологияларына зерттеулер жүргізіліп, жасырын эндометрит ауруын ультрадыбыстық зерттеу арқылы мониторинг жасалып, қорытындысы келтірілген. Ірі қара малдар арасындағы көп кездесетін жасырын эндометрит ауруы, яғни жатыр эндометритінің беткейлі қабатының қабынуы. Ол айқын симптомдарсыз жүреді. Жергілікті ветеринария мамандары сиырларды ұрықтандырудың бірнеше рет сәтсіз әрекеттерінен кейін ғана, қауіпті аурулардың бірі болып табылатын жасырын эндометритке күдіктене бастайды. Сиырларда бұл аурудың әсерінен ұрықтандырудан кейін ешқандай белгілер болмаған жағдайда төл көтеру функциясы айтарлықтай төмендейді. Тіпті бедеулікке және мәжбүрлі жоюға әкеледі. Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тексерілген 778 бас сиырларда ұрықтандыру барысында жасырын эндометрит 60-70% жағдайда буаздыққа әкелмейтінін көрсетті. Ультрадыбыстық тексеру нәтижесі бойынша жатырдағы сұйықтықтық жасырын эндометрит болуы ықтимал. Дегенмен, жатырдағы сұйықтық белгілі бір физиологиялық жағдайларда, мысалы, эструс немесе туудан кейінгі ерте кезеңде пайда болуы мүмкін. Голштинофриз тұқымды сиырлардың бедеулігінің негізгі себебі, ағзаның имундық қасиетінің төмендеуі. Осыған байланысты түрлі патологиялық аурулар туындайды. Солардың бірі, төлдеу және төлдеуден кейінгі кезең патологияларына шалдығатыны анықталды. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша, қарастырылып отырған жасырын эндометриттің қыста және көктемде өршіп, 5-7 жасар сиырлар арасында бұл көрсеткіштің жоғарылап, 9,1 % жететіні белгілі болды.

Description

Узынтлеуова, А. Д. Сиырлардың жасырын эндометритін ультрадыбыстық зерттеу диагностикасы / А. Д. Узынтлеуова, М. Н. Джуланов, К. У. Койбагаров, А. А. Жумагелдиев [и др.]. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-1 (75). Ч. І. - Б. 49-58

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By