БӨДЕНЕЛЕРДІҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫНА «ВЕРМИКУЛИТ» АЗЫҚТЫҚ ҚОСПАСЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Abstract

Мақалада «Техас» тұқымдасына жататын бөденелердің негізгі рационына «Вермикулит» азықтық қоспасын қолданған кездегі тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері туралы ақпарат берілген. Азықтық қоспа ретінде М-150 маркалы, фракциясы 0,5-3,0 мм болатын отандық өндірістің өнімі-вермикулит пайдаланылды. Жұмыстың негізгі мақсатын азықтық қоспаның бөденелердің тірі салмағы мен орташа тәуліктік салмағына әсерін зерттеу құрады. Тәжірибелік зерттеулер Алматы облысында орналасқан бөдене шаруашылығы «Салем Qus» ЖШС жағдайында жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде әрқайсысында 35 бастан құралған кездейсоқ іріктеу әдісімен таңдалған бөденелердің үш зерттеу тобы құрылды. Бірінші топ бақылау тобын құрады, құстарға ешқандай толықтырусыз негізгі рацион берілді. Екінші топтың рационына 3% мөлшерде «Вермикулит» азықтық қоспасы қосылды, үшінші топтың рационына сәйкесінше 5% азықтық қоспа қосылды. Тәжірибелік зерттеу жұмысы 56 күнге созылды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша құстардың тірі салмағының күнделікті артқаны байқалды. «Вермикулит» азықтық қоспасын қолдану кезінде өсіру уақытының 21-ші күнінен бастап бөденелердің тірі салмағының едәуір артқаны анықталды. Зерттеудің барлық кезеңінде бақылау тобымен салыстырғанда азықтық қоспаны 5% мөлшерде қолданған екінші топтағы бөденелердің тірі салмағы орташа есеппен 3,4% - ға, ал үшінші топта 6% - ға өсті. Орташа тәуліктік салмақ көрсеткіштері бақылау тобымен салыстырғанда сәйкесінше орта есеппен 2,9% және 5,8% жоғары болды. Зерттеу жұмысы бойынша алынған талдаулар бөденелердің қоректік заттарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру құстардың өнімділігі мен құс өнімдерінің сапасын арттыруға ықпал ететіні туралы білімімізді арттырады. Алынған нәтижелер елімізде құс шаруашылығындағы азықтық қоспалар түрлерін одан әрі кеңейтуге ықпал ете алады.

Description

Апдраим, Г. А. Бөденелердің өсу динамикасына «вермикулит» азықтық қоспасының әсерін зерттеу / Г. А. Апдраим, Д. М. Хусаинов, Н. Б. Сарсембаева, Б. Лозовицка, Т. Б. Абдигалиева. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 4-1 (77). - Б. 181-189 (Уральск).

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By