Жасырын желінсауды диагностикалаудың жаңа әдістері
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім Наука и образование. - 2011. - № 2. - С. 115-119.
Abstract
Өткізілген зерттеулер нәтижесі жасырын желінсаумен ауру сиырларды анықтау үшін жарамды концентрациясының құрамында лотос экстрактісі бар қарапайым жуғыш 20 % «Лотос» ерітіндісі екенін көрсетті. Осы кезде желінсаумен ауру сиырларды анықтау пайызы 15 % концентрациясымен салыстырғанда екі есе көп болды. Кейінгі жұмыстарымызда диагностикалық тест әзірлеу үшін, біз екі препарат алдық: беткейлік – белсенді зат (20 % «Лотос» ұнтағы ерітіндісі) және индикатор (1 % розол қышқылы ерітіндісі). Сүттің екінші көрсеткішін анықтауға келетін болсақ, ол сыналатын сынамада розол қышқылы көмегімен рН анықтау және оң реакция кезінде түсін өзгертуге негізделген. Ерітінділер қатынасының дәл алынуына орай диагностикум сезімділігін жоғарылатуға, сондай-ақ төзімділігін арттыруға
болады, осы кезде айта кететін тағы бір ұтымды жағы бір мезгілде екі көрсеткіш –
лейкоциттер мөлшерінің ұлғаюы мен сүттің рН-ның өзгеруі ескеріледі.
