Батыс Қазақстан облысының мал шаруашылығы: қазіргі даму жағдайы мен проблемалары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education № 1-3 (70)
Abstract
Мақаланың мақсаты - Батыс Қазақстан облысының мал шаруашылығының қазіргі жай-күйін талдап, ет-сүт өнеркәсібінің жағдайын арттыруды тежеуші себептерді анықтау болып табылады. Зерттеу барысында монографиялық, талдау және синтез және статистикалық-экономикалық әдістер қолданылды. Облыс бойынша соңғы жылдардағы мал шаруашылығы саласының көрсеткіштері талданды, соның ішінде: алынатын мал шаруашылығы өнімі, мал мен құс саны, асыл тұқымды шаруашылықтар саны, олардың өнімділігі сияқты көрсеткіштердің динамикасы, ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бюджеттен бөлінген қаржы көрсетілді. Жинақталған мәліметтер негізінде облыстың мал шаруашылығының саласының дамуындағы негізгі проблемалар анықталды, оның ішінде ұсақ тауарлылық, облыстың үй шаруашылықтары секторында алынатын мал шаруашылығы өнімдерінің басым бөлігінің жинақталуы, асыл тұқымды малдардың елеулі үлесі, өнімділіктің төмен деңгейі, мал шаруашылығына берілетін субсидиялауды жетілдіру, ветеринария саласындағы заңнаманың сақталуын ветеринариялық бақылаудың жетіспеушілігі, мал шаруашылығы өнімдері бойынша импортқа тәуелділік және т.с.с. Қайта өңдеу объектілерінің желісі әлсіз дамығанын, кепілге салатын мүлкінің жетіспеушілігі орын алғандығынын атауға болады. Мал шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетті болуы үшін инновациялық технологияларды игеру қажет, бұл материалдық шығындарға азайтуға, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
