Тыңайтқыштарды енгізуге арналған ауылшаруашылық техникасын коррозиялық тозудан қорғау және сақталушылық қабілеттілігін арттыру
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ЗКАТУ им. Жангир хана
Abstract
Берілген мақаланың мақсаты - минералды тыңайтқыштарды енгізуге арналған ауылшаруашылық техникаларын коррозиядан қорғау жолдарын ұсыну. Минералды тыңайтқыштарды енгізуге арналған техникалардың істен шығуына әкелетін себептерді сараптай отыра, олардың басты үлесін атмосфералық құбылыстардың әсері мен жұмыс органдары беттерінің агрессивті заттармен әрекеттесуі салдарынан коррозиялық тозуы құрайтынын көреміз. Көбінесе бұл техникалардың келесі жұмыс органдары: шанап, себу органдары, тасымалдайтын және мөлшерлейтін бөліктері коррозиялық тозуға ұшырайды. Минералды тыңайтқыштар құрамында коррозиялық-белсенді тұздардың болуы мен жоғары ылғалданғыштығына байланысты коррозиялық жоғары белсенді болып келеді. Ауылшаруашылық машиналары тек жұмыс істеу мерзімінде емес, сонымен қатар жұмыс ауысымынан тыс уакытта да коррозиялық тозуға ұшырайды. Минералды тыңайтқыштар ортасының коррозиялық-белсенділігін анықтау үшін МЕМСТ 9.042-75 және 9.041-74 сәйкесті гравиметриялық сынақтар жүргізілді. Бұл мақалада минералды тыңайтқыштармен әрекеттескен техникаларды коррозиялық тозудан қорғау үшін Эмульгинмен (5 масс. %) немесе ПООМ (30 – 40 масс. %) татты тежегіштермен араластырылған пайдаланылған синтетикалық мотор майлары негізіндегі сақтауға арналған құрамдарды пайдалану ұсынылған.
