Жел және динамикалық жүктемелерді ескере отырып, жел турбогенераторларының іргетасын есептеу ерекшеліктері
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 3-2 (76). Б. ІІ. - Б. 223-232
Abstract
Бұл ғылыми мақалада қуаты 4,8 МВт жел турбинасы іргетасының жер төсемімен
динамикалық өзара әрекеттесу мәселесі қарастырылды. Жұмыстың мақсаты-осы өзара әрекеттесуді ескеретін модельді әзірлеу және талдау, сонымен қатар инженерлік тәжірибеде қолдану үшін есептеу әдістерін жеңілдету. Зерттеу жер төсемі жартылай шексіз кеңістік ретінде ұсынылған және жел турбинасының
іргетасымен өзара әрекеттесу серіппелі-демпферлік элементтермен модельденетін модель құруды қамтиды. Есептеулерді жеңілдету үшін қаттылық пен демпферлік коэффициенттерді анықтауға арналған формулалар ұсынылды, олар ұсталған жер төсемінің ені турбина негізінің енінен едәуір асатын жағдайларда есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді (5 және 10 есе). Әзірленген әдістерді қолданудың мысалы ретінде Бадамша ауылында орналасқан жағалаудағы жел турбинасына талдау жасалынды. Сандық модельдеу нәтижелері ұсынылған модельдің және жеңілдетілген есептеу әдістерінің сәйкестігін растайды, бұл оларды жел
турбиналарын жобалау және салу үшін пайдалы етеді. Осы зерттеу Қазақстанда жел турбиналарын жобалау саласына үлес қосады, іргетас пен жер төсемінің динамикалық өзара әрекеттесуін дәлірек және тиімді талдау үшін жаңа тәсілдер
мен әдістерді ұсынады, бұл болашақта мұндай құрылымдардың сенімділігі мен экономикалық тиімділігін арттыру мүмкіндігін береді.
